Димаштың мексикалық жанкүйерлері қазақстандық саяхатшыны зор құрметпен қарсы алды
Мексика – Талғат Жұмабековтің велосипедпен саяхаттап барған 42-ші елі. Велосипедші қай елге барса да Қазақстанның туын қолынан тастамайды.
dimashnews.com шығармашылық ұжымының мәліметінше, велосипедші Мексикада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен кездесіп, Қазақстанның мәдениеті мен Димаштың шығармашылығы туралы әңгіме өрбітті.
Айта кетсек, Талғат Жұмабеков алғашқы саяхатына Алматы қаласынан 2015 жылы аттанған болатын. Содан кейін қазақстандық велосипедші алғашқы велотурын Мысырда аяқтап, бұл жолда 5 елді басып өткен-ді.
[caption id="attachment_69751" align="alignnone" width="960"] Талғат Жұмабеков/Facebook[/caption]
Қазіргі уақытта велосипедші әлем бойынша бесінші саяхатын тәмамдамақ. Ол Аляска арқылы Канада мен АҚШ бағытын жүріп өтті.
Велосипедшінің айтуынша, Оңтүстік Америкалық жанкүйерлер қазақстандық орындаушының шығармашылығын жақсы көреді, тіпті оның ана тілін де, яғни қазақ тілін үйрену үстінде.
«Жергілікті жастардың біздің орындаушының шығармашылығымен етене таныс екеніне көзім жетті. Бұл жерде Димаштың өз жанкүйерлері бар, олармен кездескеніме өте қуаныштымын. Тіпті бір мексикалық сайт Димаш Құдайбергеннің жерлесі, яғни менің Мексиканы аралайтыным туралы жаңалықты жариялады», – деді Талғат Жұмабеков.
Қазақстандық саяхатшы мексикалық ауылдар қазақ ауылдарына қатты ұқсайтынын, бұл жақ оған өзінің туған елін есіне түсіргенін атап өтті. Сондай-ақ оған мексикалықтардың қонақжайлылығы ұнаған көрінеді.
-->Мексика – Талғат Жұмабековтің велосипедпен саяхаттап барған 42-ші елі. Велосипедші қай елге барса да Қазақстанның туын қолынан тастамайды.