Камалжан Надыров Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Басқарма төрағасы болып тағайындалды
Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда туған, екі жоғары білімі бар – медициналық және экономикалық. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін, Тұран университетін бітірді. Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебінің магистратурасында оқыды. Назарбаев университетінің бизнес мектебін Execuitive MBA бағыты бойынша бітірді. Әр жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» клиникалар тобы (Түркия), «Social Health Insurance system» (Германия) оқытудан өтті. «Қоғамдық денсаулық сақтау» (МВА) мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі және «Бизнесті басқару» (Execuitive MBA) мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі. 2007-2014 жылдары Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында клиникалық ординатор, бөлімше меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2016-2017 жылдары Республикалық диагностикалық орталықты - «University Medical Center» басқарды. 2017-2019 жылдары Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік етті, 2019-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында қызмет атқарды, 2020 жылғы маусым және қазан айларында Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі; «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі; «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі; «Единства народа Казахстана» медалі. ДСДРО – денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы сараптамалық ұйым, негізгі миссиясы – ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласында қабылданатын шешімдерді әдістемелік сүйемелдеу арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
-->Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда туған, екі жоғары білімі бар – медициналық және экономикалық. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін, Тұран университетін бітірді. Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебінің магистратурасында оқыды. Назарбаев университетінің бизнес мектебін Execuitive MBA бағыты бойынша бітірді. Әр жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» клиникалар тобы (Түркия), «Social Health Insurance system» (Германия) оқытудан өтті. «Қоғамдық денсаулық сақтау» (МВА) мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі және «Бизнесті басқару» (Execuitive MBA) мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі. 2007-2014 жылдары Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында клиникалық ординатор, бөлімше меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2016-2017 жылдары Республикалық диагностикалық орталықты - «University Medical Center» басқарды. 2017-2019 жылдары Астана қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік етті, 2019-2020 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында қызмет атқарды, 2020 жылғы маусым және қазан айларында Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалі; «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі; «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі; «Единства народа Казахстана» медалі. ДСДРО – денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы сараптамалық ұйым, негізгі миссиясы – ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласында қабылданатын шешімдерді әдістемелік сүйемелдеу арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.