Елорда жаңалықтары

Қара жәшік, қаза болғандар мен зардап шеккендер: ұшақ апаты туралы не белгілі

– авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаев; [caption id="attachment_69357" align="alignnone" width="696"]фото: ҰҚК фото: ҰҚК[/caption] – авиация бөлімі ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратов; – авиация бөлімі ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаев; – авиация бөлімі ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған сержант Васильков Евгений Борисович. Ұлттық қауіпсіздік қызметі марқұмдардың отбасы, туған-туысы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. «АН-26 әскери ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар еді. Олар өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз», – деді ҰҚК ұжымы. [caption id="attachment_69361" align="alignnone" width="800"]фото: ҰҚК фото: ҰҚК[/caption] Кейін ҰҚК арнайы комиссия құрылғанын және қара жәшік тексеріліп жатқанын мәлімдеді. «Үкімет авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында құрамына ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс әрі ішкі істер министрліктерінің өкілдері кірген арнайы сараптау комиссиясын құрды. Қазір комиссия мүшелері оқиға орнында жүр. Борттық жазу құралы (қара жәшік) табылды, ішіндегі мәліметтері тексеріліп жатыр. Нәтижелері жақын уақытта хабарланады. Туғандары мен туысқандарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Алматы қаласындағы ҰҚК госпиталінің мамандары медициналық көмек көрсету үшін жұмылдырылды. Е.Васильковтың ата-аналары Петропавл қаласынан Алматыға арнайы бортпен жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мерт болғандар және жапа шеккендердің жанұялары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін де барлық көмек түрлерін көрсетіп жатыр», – деді ҰҚК. Кеше Алматы әуежайында ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметінің АН-26 бортында алты адам болған. «Бүгін шамамен сағат 17:20-да Алматы әуежайына қонар кезде Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшқан Ан-26 әуе кемесімен байланыс жоғалып кетті. Бірден дабыл қағылып, әуежайдың апаттық-құтқару қызметі оқиға орнына шықты. Алдын-ала мәлімет бойынша, борт ұшу-қону жолағының шет жағына құлаған», – деп жазған еді әуежайдың баспасөз қызметі Facebook желісінде. Ал төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, ұшақта болған алты адамның екеуі аман, олар ауруханаға жеткізілді. «2021 жылғы 13 наурызда сағат 17.25-те Алматы әуежайы диспетчерлік қызметінен сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшқан АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, апаттық жағдайда Алматы әуежайына қонғаны туралы мағлұмат түсті. Оқиға орнына мамандарымыз жіберіліп, жұмыс істеп жатыр. Ұшақтағы өрт сөндірілді. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жедел жәрдем қызметінің 10 реанимациялық тобы да сол жерде жұмыс істеп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, 4 адам көз жұмып, жарақат алған 2 адам Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қосымша күштері әрі құралдары жіберілді», – деген болатын төтенше жағдайлар министрлігі. Назарбаев пен Тоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтқан еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыршын кеткендердің отбасына көңіл айтты. «Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары және жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек», – деп жазды президент твиттер-аккаунтында.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың туыстары әрі жақындарына көңіл айтты. «Алматы қаласы әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың мерт болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, көз жұмған әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, жанұяларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген елбасы жеделхатында. Бұған қоса кеше түнде дәрігерлер зардап шеккендердің халі туралы айтқан болатын. Екі науқас жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр екен. Алматы маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккен әскерилер №4 қалалық ауруханасына жеткізілген. Олардың қазіргі жағдайы туралы аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Руслан Тоқушев айтып берді, дейді Almaty.tv. «Ұшақ апатынан екі адам ауруханаға түсті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Бірінші азаматтың диагнозы: бассүйек ми жарақаты, термиялық күйік 50 пайыз, ашық сол сирақ сүйектерінің сынуы. Екінші азаматта бассүйек ми жарақаты, күйік 30 пайыз, төртінші саусақтың сынуы және кеуде қуысының жарақаты. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр», – деді Руслан Тоқушев. Еске салсақ, 2012 жылдың желтоқсанында Шымкент маңында АН-72 әскери ұшағы апатқа ұшырап, ҰҚК шекара қызметінің 27 қызметкері қыршын кеткен еді. Былтыр Украинада да АН-26 әскери ұшағы құлап, 26 адамның өмірін қиған болатын.

Қымбат Елтайқызы

-->