Елорда жаңалықтары

Елордада Көрісу күні атап өтілді

Бұл күн — «Адам аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұл күннің бір ерекшелігі – бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман шыққандықтарына тәубе келтіреді. Мерекелік іс-шарада жұртшылық бір-бірімен амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлер көрініс тапты. Сол сияқты бір-біріне сыйлық сыйлау дәстүрі де ұмыт қалған жоқ. «Ел аузында 14 наурыз Амал күні, Көрісу күні деп аталып кеткен. Осыған орай елордамыздағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен үлкен шаралар өтіп жатыр. Жалпысында бұл мереке – көне заманнан келе жатқан дәстүр. Кезінде Мәшһүр Жүсіп бабамыз наурыздың басы – 14 наурыз, сегіз күн тойланады деген. Бұл күні қыстан аман-есен шыққан ел бір-бірінен мал аман ба, жан аман ба деп көрісетін. Біз көшпелі халық болғаннан кейін одан өту оңай болмайтын. Жұт болып, мал қырылатын. Содан аман қалған халық қуанып, бір-бірімен көріседі екен», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Көркем Академиясының академигі Марат Әбсемет. Ол сөзін жалғай отырып, Көрісу күні жұртшылық ұлттық киімдерін киіп, дастарханын тәтті-дәмдіге толтыратынын айрықша атап өтті. Достық үйінде өткен іс-шара қазақ ұлтының ғана емес өзбек, поляк, орыс, ұйғыр ұлттарының ұйымдастыруымен өтті. «Бұл мейрам жайлы кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы жазған. Одан ертеректе Бұқар жырау өлеңдерінде де кездеседі. Ерте кезде тойланғанмен КСРО заманында 70 жыл тойланбай қалды. Бала күнімде үлкен кісілердің жасырын тойлайтынын талай мәрте көрдім. Қазақ даласында Амал күнін әсіресе Батыс Қазақстан өңірі жақсырақ сақтап қалды. Кеңес құрамында жүргенде біраз дәстүр ұмытылып, ұлттық мерекелердің тойлануына тыйым салынған. Бірақ еліміздің әр өңірінде жекелей сақталып, бертін келе егемендік алған күннен бастап жаңғырып жатыр. Бәріміз бір ел, бір халық болып тойлап жатырмыз. Керемет емес пе!? Ата-бабамыздан келе жатқан жақсы дәстүрлерімізді басқа ұлттар көріп жатыр», - деді ғалым Марат Әбсемет. Салтанатты шара барысында халқымыздың «Қыздар-ай», «Ауылымыз қандай тамаша!» әндері шырқалып, ұлттық өнеріміз дәріптелді. Ал ақсақалдар қатары ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп ақ баталарын берсе, келіндер жағы сәлем салу дәстүрін үлгі етті. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Көрісу күнімен құттықтады. «Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл – нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», – деп Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

-->