Елорда жаңалықтары

2020 жылы онкологияға шалдыққандар 11,4% төмендеді

«2020 жылы онкологиялық науқастар контингенті 190 159 науқасты құрады. Онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орында сүт безі обыры - 13,2%, екінші орында өкпе обыры – 10,4%, үшінші орында колоректальды қатерлі ісік 9,6%. Ауырғандардың 56% еңбекке қабілетті жастағы адамдар», - деді Д.Қайдарова.

Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінің деректері бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 2020 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 75,5 немесе 14 150 жағдайды құрады. Өлім-жітімнің төмендеуі 0,7% құрады. Өлім-жітім құрылымында бірінші орында - өкпе обыры - 16,4%, екінші орында - асқазан обыры немесе 11,5%, үшінші орында - колоректальды қатерлі ісік 10,7% және сүт безі обыры - 7,8%. ҚР ДСМ Бас онкологы Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Ересек тұрғындарға онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазОРҒЗИ), «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» АҚ көрсетеді, өңірлерде - 15 онкологиялық диспансер/орталық, 5 онкологиялық бөлімше және 452 онкологиялық кабинет жүзеге асырады, Жамбыл облысының Тараз қаласында жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталуда. Бұдан басқа, 2021 жылы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ПЭТ-орталығын іске қосу жоспарлануда. Шымкент қаласында ПЭТ-орталығын ұйымдастыру 2021 жылы МЖӘ аясында жоспарланып отыр. Шығыс Қазақстан облысында «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК құрылысын аяқтау шеңберінде ПЭТ-орталығын 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

--> «2020 жылы онкологиялық науқастар контингенті 190 159 науқасты құрады. Онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орында сүт безі обыры - 13,2%, екінші орында өкпе обыры – 10,4%, үшінші орында колоректальды қатерлі ісік 9,6%. Ауырғандардың 56% еңбекке қабілетті жастағы адамдар», - деді Д.Қайдарова.