Елорда жаңалықтары

Медиа саланың өкілдері Қазақстан мен Ресей мамандарының тренингін өтті

«Тренинг барысында білім алушыларға түрлі аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктері және жаңалықтар күн тәртібін қалыптастыру, жаңалықтар агрегаторларымен жұмыс істеу ережелері, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жұмыстың негізгі қағидаттары және интернеттегі аудиториямен өзара әрекеттесу әдістемесі түсіндірілді. Тренингтердің спикерлері «Татмедиа» АҚ медиа мектебінің директоры Александр Третьяков және «Татмедиа» АҚ әлеуметтік медиа жөніндегі директоры Алсу Исмагилова болды», делінген хабарламада. Министрліктің мұрындық болуымен өткен журналистерді оқыту «Медиа дамыту қоры» қорының басты міндеті болып табылады. Айта кетсек, журналистерді оқыту және жаңа кадрларды даярлау ресейлік «Татмедиа» медиа мектебінің де негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Іс-шараны ұйымдастырушылар медиа саласының қызметкерлері әрдайым білімдерін жетілдіріп, журналист пен БАҚ басшыларының сауаттылығын, дағдыларын арттыру жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі керек деп атап өтті. Тренингтерге қатысуға 200-ге жуық адам өтініш берді, олардың арасында мемлекеттік және жеке БАҚ қызметкерлері де бар.

-->