Елорда жаңалықтары

Елордада «Қазақстан мақтанышы» спорт-ревюі өтеді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қояды. Сондай-ақ рәсімге қатысқан спорт майталмандары мен олимпиада чемпиондары жеке заттарын Елбасы кітапханасының музейіне тарту етеді. «Спорт-ревю бағдарламасында күш қолданатын спорт түрлері бойынша төрт дүркін әлем рекордсмені, Гиннесс кітабының және алты мәрте Қазақстан рекордсмені, Сергей Цырульников өнер көрсетсе, 2000-2009 жылдардағы Қазақстанның абсолютті чемпионы, екі Олимпиадаға қатысушы Ә.Юсупова және Нұр-Сұлтан қаласының көркем гимнастикадан жастар құрамасы шеберлік-сынып өткізеді. Сондай-ақ «Қазақстан мақтанышы» экспозициясы бойынша жүргізілетін экскурсия барысында С.Сәпиев, И.Ильин және басқа да спортшылардың қатысуымен өтетін интерактивті спарринг-матчты тамашалауға болады. Іс-шара барысында автограф-сессия өтеді», деп көрсетті баспасөз қызметі. Спорт-ревю Елбасы кітапханасының жаңа «Қазақстан мақтанышы» мәдени-ақпараттық жобасының түңлігін түреді. Жобаның мақсаты – Қазақстан азаматтарының әлеуметтік және экологиялық маңызы бар қызметтердегі, спорт, өнер, ғылым саласындағы жетістіктерін көрсету. Бұл жетістіктер – Қазақстан Республикасының даңқын асырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың азаматтық сана мен патриотизмді, ұлт денсаулығын қалыптастыру жөніндегі идеяларының серпінді іске асырылуының жарқын көрінісі.

-->