Елорда жаңалықтары

Елордада аз қамтылған 2 мың отбасына азық-түлік себеттері табыс етіледі

«Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қалалық әкімдік, Nur Otan партиясының қалалық филиалы, сонымен қатар аудандық әкімдік қызметкерлері және волонтерлер азық-түлік себеттерін таратып жатыр. Әлеуметтік осал топтар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына ең қажетті азық-түлік түрлері мен тұрмыстық химия заттары бар жиынтықтар табыс етіледі. Өткен жылы Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өттік. Ғалым «Қайырымды қала тұрғындары туралы»  еңбегінде қайырымдылық пен дұрыс іс-әрекеттер  арқылы айналамызға оң әсер ете алатынымызды айтты. Біз меценаттарды «Қайырымды істер» марафонына қатысуға шақырамыз. Және әйелдерді, аяулы аналарды алда келе жатқан мерекелерімен құттықтаймын», - деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Кәрібек. Акция аясында елорданың барлық төрт ауданындағы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттері табысталады. Алматы ауданында шамамен 200 отбасына осындай қолдау көрсетілді. Алматы ауданы әкімінің орыбасары Арайлым Елімсаринаның айтуынша бүгін тағы 200 жиынтық көпбалалы отбасылары мен ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларына беріледі. Алматы ауданы Өндіріс кентінің тұрғыны Алма Әбенова көрсетіліп жатқан көмекке риза болып, алғысын айтты. «Қалалық әкімшілік пен партия өкілдері арнайы келіп, халықаралық әйелдер күнімен құттықтап жатқандарына өте қуаныштымын. Бізді ұмытпай, көңіл бөліп жатқандарыңызға көп рахмет. Барлық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Денсаулық және жұмыста табыс тілеймін», - деді Алма Әбенова. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналардың бірі Анар Жарқұлова да қалалық әкімдік пен Nur Otan партиясына алғысын жеткізді. «Біздің әкімдікке, қала басшысына алғысымды айтқым келеді. Сыйлық беріп жатқан демеушілерге де рахмет. Барлық әйелдер қауымын алдағы мейраммен  құттықтаймын және мықты денсаулық тілеймін», - деді Анар Жарқұлова. Естеріңізге саламыз, демеушілердің көмегімен дайындалған азық-түлік себеттерін тиісті азаматтарға жеткізумен қалалық әкімдік, Nur Otan партиясының өкілдері мен волонтерлер айналысып жатыр.

-->