8 наурызға орай елордада азық-түлік себеттері таратыла бастады (фото)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2021/03/WhatsApp-Image-2021-03-06-at-16.36.43-1024x595.jpeg)
«30 игі іс: «Қайырымды істер» марафоны аясында өтіп жатқан іс-шарада 2 мың азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр. Бір жанұяға бір себеттен беріледі. Олардың әрқайсысының салмағы 25-27 келіні құрайды. Ішінде жарма, макарон, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық, қант, шай, ұн, кәмпит, балаларға арналған тәттілер және тұрмыстық химиялық заттар, кір жуғыш ұнтақ, сабын, сусабын сияқты тағы басқа 20-ға жуық түрлі зат бар.
«Мұқтаж отбасылар деп біз кімдерді айтамыз? Нұр-Сұлтанда жалғыз басты қарттар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды асырап отырған жанұялар, жалғыз басты аналар, көпбалалы отбасылар бар. Қала бойынша 17 мыңнан аса көпбалалы жанұя, 5 мыңнан аса мүгедек балаларды асырап отырған отбасы, 4 мыңнан аса атаулы әлеуметтік көмек алып отырған жанұя бар. Жалпы, астанада барлық 11 санатты қоссақ, 150 мыңнан аса әлеуметтік аз қамтылған топ өкілі бар. Оларға тұрақты түрде көмек көрсетіліп тұрады. Біз осы санаттағы азаматтың барлығына арнайы тізім бойынша азық-түлік себеттерін тарата бастадық. Осы науқанда, яғни 6, 7, 8, 9 наурыз күндері 2 мың отбасыға көмектесеміз деп ниеттеніп отырмыз. Бүгін басталған игі шара наурыз айының соңына дейін жалғасады деп үміттенеміз. Ал ай соңына дейін бұдан да көп жанұяларды қамтимыз деген ойымыз бар. Бұның бюджетке ешқандай ауыртпалығы жоқ. Бұл - демеушілердің көмегі. Ал үй-үйді аралап, бұл себеттерді тарататын - әкімшілік қызметкерлері, партия өкілдері, қарапайым азаматтар, волонтерлер. Бұл игі шараның жалғасуы тек қана бізге емес, демеушілерге де байланысты. Демеушілерді тартамыз, сөйлесіп, кеңесеміз. Қалай болғанда да бас қаладағы көмекке мұқтаж отбасылардың барлығына көмектесуге тырысамыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.
Ал Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Кәрібектің айтуынша, көмек астананың барлық төрт ауданына көрсетіледі.
Өз кезегінде, мерекелік себет алған тұрғын Ирина Ревуцкая алғысын айтып, нәзік жандарды 8 наурызбен құттықтады.
«Құттықтап келгендеріңізге көп рахмет. Nur Otan мен әкімдік, мен сіздердің адамдарға көмектесіп жатқандарыңызға өте қуаныштымын. Әрине, одан да көбірек көмек болса дейміз. Бізді - әйелдерді, ер адамдарды да ешкім ұмытпасын. Әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ерлер әйелдерге көбірек көңіл бөлсін. Бәрі жақсы болсын. Ең бастысы, бәріне денсаулық пен сәттілік тілеймін. Осылай мерекелерде келіп тұрасыздар. Сіздерге мың алғыс», - деді Ирина Ревуцкая.
Мерекелік себет алған басқа тұрғындар да ризашылығын білдірді.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгін 1 мыңнан астам жанұяға себет таратылған, қалғаны алдағы екі-үш күнде табысталады.