Белград қаласында «Қазақ-серб достығы аллеясы» ашылды
Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардан тұратын аллея отырғызу рәсіміне Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков, Белград қаласының мэрі Зоран Радойичич, Қазақстан достары клубының мүшелері және Сербиядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Аталған іс-шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Белградтағы жаңа аллеяның ашылуы Елшіліктің осы айтулы жыл ішінде Сербияда жобалаған үш жасыл бақтың алғашқысы болып табылады. Жақын арада Златибор округінің орталығы – Ужице қаласында Қазақстан-Сербия достығы саябағын және Белградтағы Дунай мен Сава өзендерінің сағасында «Қазақстан» аллеясын ашу жоспарлануда.
Аллеяның ашылуы Қазақстандағы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келді. Бұл тек қазақ елінде ғана емес, одан тыс жерлерде де ұлтаралық келісім мен тату қатынастарды нығайтуға жақсы себеп болды.