«Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ынтымақ». ЕҰУ-де Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына арналған конференция өтті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты мен ҚР БжҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері және Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, тағы басқа алыс-жақын шетелдің жетекші тарихшы-ғалымдары мен отандық алаштанушы ғалымдар қатысты.
Конференцияны ашқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, Ерлан Сыдықов Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған халықаралық жиында бас қосып отырған қатысушыларды айтулы мерейтоймен шын жүректен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Бүгінгі ғылыми конференцияның маңызына тоқталған Ерлан Бәтташұлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында мемлекетшілдік жолда айрықша тарихи істердің байыпталып жатқанын атап өтті. «Бүгінгі конференция Алаш мұрасы мен бүгінгі жаңғыруларды сабақтастыруда,-деді ректор. – Ал, мерейтой болса, еліміздің тарихи сабақтастығының рухани серпілісі, ұлттық ұйысуының шарасы. Бүгінгі халықаралық жиында осы және басқа да мәселелер қарастырылады»,-деді.
Содан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау сөзін ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев оқып берді.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтауында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысушыларды жиынның ашылуымен құттықтай келіп, Әлихан Бөкейханның төл тарихымызда өшпес із қалдырған біртуар тұлға екенін, ол ХХ ғасырдың басында Алаш Ұлт-азаттық қозғалысының көшін бастап, ел болудың негіздерін айқындағанын жеткізді. «Әлихан Бөкейхан халқының бостандығы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен, ғылымның әртүрлі саласына терең бойлаған саңлақ саясаткер. Қазақтың ой-өрісін кеңейтіп, руханиятымызды дамытуға зор үлес қосты. Ұлттық интелигенцияның жаңа буынының қалыптасып, жалғастыруға ұйытқы болды. Халқына адал қызмет етті, артына мол мұра қалдырды.
Тарихи тұлғаның мерейтойы Қазақстан Тәуелсіздігінінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде бүгінгі егемендігіміз – Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт арманы. Біртуар тұлғаның тағылымды өмір жолы әрдайым дәріптеліп, жастар үшін үлгі-өнеге болуға тиіс. Өскелең ұрпақ Алаш идеясын ұстанған, мемлекет пен мемлекетшілдік идеясына қашанда берік, азаттық рухын асқақтата береді деп сенемін» делінген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауында.
ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізген соң саналы ғұмырын халқының азаттығына арнаған Әлихан Бөкейханның «Бостандыққа апаратын жалғыз жол, ол – ынтымақ» деген сөзін келтіре отырып, осындай халықаралық конференция жасаудың өте маңыздылығын атап өтті.
Келесі кезекте сөз алған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз сөзінде Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды және бұл бағытта Білім және ғылым министрлігі жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсеміне арналған халықаралық онлайн конференцияда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхамед құттықтау сөз сөйледі.
Мұхтар Абрарұлы өз сөзінде Әлихан Бөкейханның саяси қайраткерлігіне, саяси күшті біріктірген ерекше тұлға болғанын атай келіп, ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры Сұлтанхан Жүсіптің осыдан ширек ғасыр бұрын Әлихан Бөкейханның 30 баспа табақ еңбегін, одан кейін 15 томдық кітабын шығарғанын, бұл еңбектер әлихантанушылар үшін іргелі негіз болатынын ерекше атап өтті және конференция жұмысына табыс тіледі.
Өз кезегінде сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Алтынбек Нұхұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғани, Қазыбек Иса, Берік Дүйсембаев қайраткердің ерекше қырларына тоқталса, ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры Сұлтанхан Жүсіп (Нұр-Сұлтан), Қажы Байрам Вели Университетінің профессоры Гүлжанат Құрманғалиева-Ерджиласун (Анкара), Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара (Ыстамбұл), Қажы Байрам Вели Университетінің профессоры Хулия Касапоглы Ченгел (Анкара), Қырғызстан ҰҒА Б.Джамгерчинов атындағы тарих, археология және этнология институтынан Айида Кубатова (Бішкек), тағы басқа танымал тарихшы-ғалымдар арнайы баяндама жасады.
Сондай-ақ халықаралық конференцияда ҚР БжҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Қабылдинов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның азаматтығы, ғалымдығы жайлы тәлімі мол тағылымды ой қозғап, заманынан озық туған қайраткер екенін ғылыми тұжырымдармен нақтылап берді.