Ұлттық ғылыми онкология орталығында ашық есік күні өтеді
Қазіргі уақытта Қазақстанның онкологиялық ұйымдарында 180 мыңнан астам онкологиялық науқастар есепте тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан 15 мың адам қайтыс болады. Әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің қатерлі ісіктері әлі де онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлеріне жатады. Сонымен, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында жетекші қатерлі патология болып қала береді, таралу дәрежесі бойынша бірінші орын алады. Ал жатыр мойны қатерлі ісігі аурудың таралуы бойынша төртінші орында екен. Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің онкопатологияларын анықтау үшін скринингтер дені сау тұрғындар арасында тіркелген жері бойынша емханада жүргізіледі: сүт безі қатерлі ісігіне (әйелдер), жатыр мойны обырына (әйелдер). Ұлттық ғылыми онкология орталығы ісік алды және ісік патологияларының алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу миссиясын басшылыққа алып, әйел денсаулығын сақтауға арналған ашық есік күнін өткізеді. «Бұл күні онкодиспансерде есепте тұрмаған әйелдер ҰҒОО-ға тексеруден өтуге және үздік мамандардан: маммологтардан, гинекологтардан тегін кеңес алуға шақырылады», делінген хабарламада. Бұл күні мамандардың тексерулері мен қараулары ҰҒОО-ның консультациялық-диагностикалық орталығында алдын ала жазылу бойынша және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтап қатаң түрде жүргізілетін болады. Тексеруден өту және жазылу үшін Call-орталықтың байланыс телефондары: 8 (7172) 702-911. Тексеру онкологиялық ауру себебі бойынша есепте тұрмаған әйелдер үшін жүргізіледі.Тексеруге тілек білдірушілер жақындарының, туыстарының және балаларының еріп жүруінсіз өз бетінше келуге тиіс. Қажет болған жағдайда бір еріп жүрушіге рұқсат етіледі. «Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, тексеруден бас тартуыңыз керек, өйткені дене ыстығы және суық тию және жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдар КДО-ға жіберілмейді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек, сондай-ақ алдыңғы тексерулердің нәтижелері болса, өзіңізбен бірге алыңыз», делінген хабарламада.
-->Қазіргі уақытта Қазақстанның онкологиялық ұйымдарында 180 мыңнан астам онкологиялық науқастар есепте тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан 15 мың адам қайтыс болады. Әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің қатерлі ісіктері әлі де онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрлеріне жатады. Сонымен, сүт безі қатерлі ісігі әйелдер арасында жетекші қатерлі патология болып қала береді, таралу дәрежесі бойынша бірінші орын алады. Ал жатыр мойны қатерлі ісігі аурудың таралуы бойынша төртінші орында екен. Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің онкопатологияларын анықтау үшін скринингтер дені сау тұрғындар арасында тіркелген жері бойынша емханада жүргізіледі: сүт безі қатерлі ісігіне (әйелдер), жатыр мойны обырына (әйелдер). Ұлттық ғылыми онкология орталығы ісік алды және ісік патологияларының алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу миссиясын басшылыққа алып, әйел денсаулығын сақтауға арналған ашық есік күнін өткізеді. «Бұл күні онкодиспансерде есепте тұрмаған әйелдер ҰҒОО-ға тексеруден өтуге және үздік мамандардан: маммологтардан, гинекологтардан тегін кеңес алуға шақырылады», делінген хабарламада. Бұл күні мамандардың тексерулері мен қараулары ҰҒОО-ның консультациялық-диагностикалық орталығында алдын ала жазылу бойынша және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтап қатаң түрде жүргізілетін болады. Тексеруден өту және жазылу үшін Call-орталықтың байланыс телефондары: 8 (7172) 702-911. Тексеру онкологиялық ауру себебі бойынша есепте тұрмаған әйелдер үшін жүргізіледі.Тексеруге тілек білдірушілер жақындарының, туыстарының және балаларының еріп жүруінсіз өз бетінше келуге тиіс. Қажет болған жағдайда бір еріп жүрушіге рұқсат етіледі. «Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, тексеруден бас тартуыңыз керек, өйткені дене ыстығы және суық тию және жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдар КДО-ға жіберілмейді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек, сондай-ақ алдыңғы тексерулердің нәтижелері болса, өзіңізбен бірге алыңыз», делінген хабарламада.