Нұр-Сұлтанда 11 ұйым карантиннен алынды
Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Олардың аумағында бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Карантиннің ұзартылғанына байланысты қоғамдық көлік жұмысы айдың соңына дейін тоқтатылды. 16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания бар. Бұл аумақтар қоршалды, келуге қатаң тыйым салынады. Қазақстанда коронавирустан сауығып кеткендердің саны 203 адамды құрайды, оның 110-ы Нұр-Сұлтан қаласында.
-->Нұр-Сұлтанда денсаулық сақтау нысандары, №1 автопарк, жатақхана сынды 11 ұйым карантиннен алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Олардың аумағында бірнеше рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Карантиннің ұзартылғанына байланысты қоғамдық көлік жұмысы айдың соңына дейін тоқтатылды. 16 нысан карантинге жабылды. Олардың ішінде үш медициналық ұйым, екі жатақхана, 10 кіреберіс және жеке компания бар. Бұл аумақтар қоршалды, келуге қатаң тыйым салынады. Қазақстанда коронавирустан сауығып кеткендердің саны 203 адамды құрайды, оның 110-ы Нұр-Сұлтан қаласында.