Елорда жаңалықтары

Қазақстандық ғалым Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабын қазақ тіліне аударды

Баспадан «Құтты билік» атауымен шығатын кітаптың алғашқы нұсқасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танысқан. Ғалымның айтуынша бұл кітап бастан-аяқ ел басқаруға бағытталған. Ағылшындар бұл кітапты «Ханзадалар айнасы» (The mirror of princes) деп аударды. Кеңес кезінде бұл еңбекті діни уағызға, философиялық ақыл-кеңеске негізделген насихат жанрындағы кітап деп келген. Шындығында, бастан-аяқ ел басқаруға арналған, басшылықтағы әр саланы нақтылап көрсетіп берген еңбек. «Өзге халықтардың ғалымдары кітапты зерттеген кезде кейде шындықтан алыс кетіп жатататын кездері болады. Бекарыстың аудармасында мазмұнына қарай бірнеше бөлімге жеке-жеке тақырып болып беріліп, оның ішіндегі көнерген сөздердің түсіндірмесі жазылып, бүгінгі оқырмандарға танып түсінуге өте қолайлы деп айтуымызға болады», -  деді ақын Аманжол Әлтаев. Аталған шараға Түрік халқының ғалымдары қатысып, жылы лебіздерін білдірді. «Құтты білік» біздің ортақ мирасымыз. Бекарыс менің лекция сабақтарыма қатысқан кезінде «Құтты білік» аудармаларына қызықты. Қазақстанға қайтқан соң қызығушылығы артып, жұмысын жалғастырды. Ол барлық қазақ жастарына, сонымен қатар түрік елінің жастарына үлгі болады деген сенімдемін!», - деді Байрам Вели университетінің профессоры Хулия Касапоғлы.  

-->