Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтілді
Биыл Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс" ұранымен өтуде. Іс-шарада құтқару жабдықтары мен техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік сурет", "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік өлең", "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік мектеп", "Үздік бейнеролик" конкурстарының жеңімпаздары марапатталды. Дүниежүзілік АҚ күнін өткізуге белсенді қатысқаны үшін ұйымдар, мектептер мен балабақшалар басшылары марапатталды. [caption id="attachment_67355" align="alignnone" width="1280"] Фото: Асель Ибадуллаева/Elorda Aqparat[/caption] "Өткен жылдар ішінде азаматтық қорғаныс Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтті. Азаматтық қорғаныс тарихына көптеген батырлық беттер жазылған. Олардың ішіндегі ең жарқындары Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің әскери жұмысымен байланысты. Тәуелсіз Қазақстанда олардың лайықты мұрагерлері құтқарушылар, өрт сөндірушілер және Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері болды. Қазіргі уақытта азаматтық қорғаныстың жаңа келбеті қалыптасты, оның басты ерекшелігі халықты соғыс уақытындағы қауіп-қатерлерден ғана емес, бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл азаматтық қорғаныстың әлеуметтік маңыздылығын және оның қоғамдағы қажеттілігін арттырады", - деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары, полковник Ибрагим Күлшімбаев. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Ратбек Демеубергеннің айтуынша, барлық мектептерде азаматтық қорғаныс күнін жариялау аясында ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілді. "Азаматтық қорғаныс – бұл қорғау іс-шараларын орындау ғана емес, сонымен қатар, балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру екенін түсіну керек. Мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, тұрмыста, мектепте, жұмыс жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай — ақ әртүрлі жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтау және өзін-өзі қорғауға және жолдастарына көмек көрсетуге дайын болуды тілеймін", - деп түйіндеді Ратбек Демеуберген. Айта кету керек, іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып өтті.
-->Биыл Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс" ұранымен өтуде. Іс-шарада құтқару жабдықтары мен техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік сурет", "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік өлең", "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік мектеп", "Үздік бейнеролик" конкурстарының жеңімпаздары марапатталды. Дүниежүзілік АҚ күнін өткізуге белсенді қатысқаны үшін ұйымдар, мектептер мен балабақшалар басшылары марапатталды. [caption id="attachment_67355" align="alignnone" width="1280"] Фото: Асель Ибадуллаева/Elorda Aqparat[/caption] "Өткен жылдар ішінде азаматтық қорғаныс Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтті. Азаматтық қорғаныс тарихына көптеген батырлық беттер жазылған. Олардың ішіндегі ең жарқындары Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің әскери жұмысымен байланысты. Тәуелсіз Қазақстанда олардың лайықты мұрагерлері құтқарушылар, өрт сөндірушілер және Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері болды. Қазіргі уақытта азаматтық қорғаныстың жаңа келбеті қалыптасты, оның басты ерекшелігі халықты соғыс уақытындағы қауіп-қатерлерден ғана емес, бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл азаматтық қорғаныстың әлеуметтік маңыздылығын және оның қоғамдағы қажеттілігін арттырады", - деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары, полковник Ибрагим Күлшімбаев. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Ратбек Демеубергеннің айтуынша, барлық мектептерде азаматтық қорғаныс күнін жариялау аясында ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілді. "Азаматтық қорғаныс – бұл қорғау іс-шараларын орындау ғана емес, сонымен қатар, балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру екенін түсіну керек. Мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, тұрмыста, мектепте, жұмыс жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай — ақ әртүрлі жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтау және өзін-өзі қорғауға және жолдастарына көмек көрсетуге дайын болуды тілеймін", - деп түйіндеді Ратбек Демеуберген. Айта кету керек, іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып өтті.