ӘМСҚ: 2021 жылы ТМККК және МӘМС бойынша медициналық көмекке 1,8 трлн теңге бөлінді
2021 жылғы жоспар бойынша Қор амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмекке қолжетімділікті арттыру, ауылдағы денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау көрсетуді, қашықтан медициналық кеңес алуды, скрининг бағдарламаларын, медбике ісін, патронаждық қызметті дамытуды қолға алмақ. Бұл бастамалардың бәріне қаржы қарастырылған. Халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге бөлініп отыр, оның ішінде ТМККК бойынша қызметтерге – 1,1 трлн теңге, МӘМС бойынша – 0,7 трлн теңге. «Медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың бірінші жылы барлығымыз үшін үлкен сынаққа – коронавирус пандемиясына тап болды. Дегенмен, форс-мажорлық жағдайларға қарамастан, МӘМС іске асырудың бірінші жылының қорытындылары медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанын, осы төтенше кезеңде денсаулық сақтау саласы үшін қаржылық "қауіпсіздік жастығын" құрғанын және ең бастысы, медициналық көмек көлемін арттыру үшін жағдай жасағанын көрсетті. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, Қор биыл белгіленген жоспарлар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға ниетті», - деп нақтылап өтті Болат Төкежанов. Қордың қаржыландырудағы басым бағыттарының бірі - балаларға медициналық көмек көрсету. Атап айтқанда, "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру 7 есе көбейеді. 2021 жылы 7 мың ерлі-зайыпты ата-ана атану мүмкіндігіне ие болады. «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін балаларды медициналық оңалту қаржыландырылатын болады. Неонаталдық скринингтер жүргізу мен сәбилердің психикалық-физикалық дамуын бағалауға, сондай-ақ мектептегі медицинаны дамытуға қосымша қаражат бөлінеді. Ауылдарда медициналық қызметтерге қолжетімділік арттырылмақ, бұл бағыт бойынша қаржыландыру көлемі 20%-ға көбейеді. Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын 30%-ға дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға дейін арттыруға 132 млрд теңге бөлініп отыр.
-->2021 жылғы жоспар бойынша Қор амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмекке қолжетімділікті арттыру, ауылдағы денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау көрсетуді, қашықтан медициналық кеңес алуды, скрининг бағдарламаларын, медбике ісін, патронаждық қызметті дамытуды қолға алмақ. Бұл бастамалардың бәріне қаржы қарастырылған. Халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге бөлініп отыр, оның ішінде ТМККК бойынша қызметтерге – 1,1 трлн теңге, МӘМС бойынша – 0,7 трлн теңге. «Медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың бірінші жылы барлығымыз үшін үлкен сынаққа – коронавирус пандемиясына тап болды. Дегенмен, форс-мажорлық жағдайларға қарамастан, МӘМС іске асырудың бірінші жылының қорытындылары медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанын, осы төтенше кезеңде денсаулық сақтау саласы үшін қаржылық "қауіпсіздік жастығын" құрғанын және ең бастысы, медициналық көмек көлемін арттыру үшін жағдай жасағанын көрсетті. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, Қор биыл белгіленген жоспарлар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға ниетті», - деп нақтылап өтті Болат Төкежанов. Қордың қаржыландырудағы басым бағыттарының бірі - балаларға медициналық көмек көрсету. Атап айтқанда, "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша жоғары технологиялық медициналық көмекті қаржыландыру 7 есе көбейеді. 2021 жылы 7 мың ерлі-зайыпты ата-ана атану мүмкіндігіне ие болады. «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін балаларды медициналық оңалту қаржыландырылатын болады. Неонаталдық скринингтер жүргізу мен сәбилердің психикалық-физикалық дамуын бағалауға, сондай-ақ мектептегі медицинаны дамытуға қосымша қаражат бөлінеді. Ауылдарда медициналық қызметтерге қолжетімділік арттырылмақ, бұл бағыт бойынша қаржыландыру көлемі 20%-ға көбейеді. Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын 30%-ға дейін, орта медицина қызметкерлерінің жалақысын 20%-ға дейін арттыруға 132 млрд теңге бөлініп отыр.