Елорда жаңалықтары

Шерзод Пулатов: Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Алғыс айту күні біздің көп ұлтты Қазақстан халқының ортақ тағдырына құрмет білдіру күніне айналды. Бүгінде оның жолын жалғастырушы Президентіміз де осы мерекеге ерекше назар аударып келеді. Біз Алғыс айту күнін еліміздегі ортақ тарих негізінде құрылған қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімнің шоғырлануын көрсету үшін атап өтеміз. Отанымыздың барлық азаматтары бір-біріне құрмет көрсете отырып, қолын ұшын созып, қиын жылдардан өтті. Бұл мерекенің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне құрмет пен достық сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту», - деді Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы. Қоғам белсендісі бұл күн ол үшін өте маңызды күн екенін атап өтті. «Өйткені Алғыс айту күні – Тұңғыш Президентіміздің басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қиын кезеңді қысқа мерзімде еңсерген елдің әрбір азаматының бір-біріне құрмет көрсету күні болып саналады. Біз бұл күні тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуына үлес қосқан барлық адамдарға алғыс білдіреміз. Біз бұл мерекені рухани дәстүрлер, мейірімділік пен ақкөңілділік, қиын сәттерді бір-бірімізбен бөлісіп көмектесетін, бейбітшілік пен тыныштық үшін ризашылық білдіретін күн деп қабылдаймыз», - деді ҚР СІМ Қоғадық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ ол бұл мерекені "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын нығайтудың белгісі деп есептейтінін айтты. «Алғыс айту күнін атап өту "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын нығайту мен дамытудың, ортақ тарих пен тарихи сана негізінде ел бірлігінің, жалпы қазақстандық құндылықтарды құрметтеу мен қазақстандықтардың жасампаздығының белгісі болып табылады. Құрметті ағайын, осы күні әрбір Қазақстан азаматына еліміздің бірлігі мен әл-ауқатын нығайтуға, тәуелсіздігі мен бейбітшілігін сақтауға бағытталған игі істері үшін алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Шын жүректен отандастарымды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін! Әрқашан Жаратушының назарында болыңыздар!» - деп түйіндеді Шерзод Пулатов.

-->