Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті
Аталған жарыс қысқы спорттың 8 түрінен өтті. Нақтырақ айтқанда, шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Құрметті қала тұрғындары мен спортсүйер қауым. Бұл «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Көріп отырғанымыздай, сайысқа кішкентай баладан аға буынға дейін қатысушылар қатысуда. Қысқы ойындарға қатысып, белсенділік танытып жатқан спортшыларға үлкен алғыс айтамыз. Біздің мақсатымыз - салауатты өмір салтын және спортты насихаттау. Баршаңызға тілектеспіз, сәттілік тілеймін!», - деді Б.Мәкен. Сонымен қатар, қысқы фестивальге қатысқан елорда тұрғындары мен спортсүйер қауымды Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрілігінің атынан құттықтап, шараны ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне алғыс білдірді. Шаңғы жарысына ең кішісі 4 жастағы жас спортшы мен 50 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Сондай-ақ осы спорт түрінен сайысқан жас сарбаздар мен әскери қызметшілер салауатты өмір салтын ұстанып, үлгі көрсетті. «Бұрқасын-2021» фестиваліне қатысу мақсатымыз - жастар мен жасөспірімдерді спортпен айналысуға насихаттау, жастарға үлгі болу. Біз үшін қазіргі қоғамдағы жастардың денсаулығы маңызды. Сол себепті бос уақыттарын тиімді пайдалансын деген оймен «Жас сарбаз» қоғамдық бірлестігінің атынан 30-ға жуық жасөспірімді қатыстырып отырмыз. Жеңіске жетеміз деген үмітіміз бар», - деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.
Алтын Салық
-->Аталған жарыс қысқы спорттың 8 түрінен өтті. Нақтырақ айтқанда, шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Құрметті қала тұрғындары мен спортсүйер қауым. Бұл «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Көріп отырғанымыздай, сайысқа кішкентай баладан аға буынға дейін қатысушылар қатысуда. Қысқы ойындарға қатысып, белсенділік танытып жатқан спортшыларға үлкен алғыс айтамыз. Біздің мақсатымыз - салауатты өмір салтын және спортты насихаттау. Баршаңызға тілектеспіз, сәттілік тілеймін!», - деді Б.Мәкен. Сонымен қатар, қысқы фестивальге қатысқан елорда тұрғындары мен спортсүйер қауымды Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрілігінің атынан құттықтап, шараны ұйымдастырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне алғыс білдірді. Шаңғы жарысына ең кішісі 4 жастағы жас спортшы мен 50 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Сондай-ақ осы спорт түрінен сайысқан жас сарбаздар мен әскери қызметшілер салауатты өмір салтын ұстанып, үлгі көрсетті. «Бұрқасын-2021» фестиваліне қатысу мақсатымыз - жастар мен жасөспірімдерді спортпен айналысуға насихаттау, жастарға үлгі болу. Біз үшін қазіргі қоғамдағы жастардың денсаулығы маңызды. Сол себепті бос уақыттарын тиімді пайдалансын деген оймен «Жас сарбаз» қоғамдық бірлестігінің атынан 30-ға жуық жасөспірімді қатыстырып отырмыз. Жеңіске жетеміз деген үмітіміз бар», - деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.
Алтын Салық