Манарбек Ержановтың 120 жылдығына арналған «Сайра бұлбұл» атты онлайн концерт өтті
Қазақ музыка мәдениетінің көрнекті өкілдерінің бірі, халық өнерінің қайнар бұлағынан сусындаған Манарбек Ержанов, қазақ даласын ән-жырға бөлеп өткен Біржан сал, Ақан сері, Шашубай, Әміре секілді ақиық әнші-композиторлардың дәстүрін жалғастырушы, олардың әндерін шебер орындаушылардың бірі. «Манарбек Ержанов ерекше даусымен, өнерімен, әншілігімен, актерлігімен, композиторлығымен халыққа кең танылған әнші. Бүгінгі кеште ол кісінің ел естімеген жаңа әндері шырқалып, күйлері тартылды. Соның ішінде «Жастар» әні шырқалды», - деді ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Берік Омаров. Манарбек Ержановты әншілік өнерге баулып, ағалық ақыл-өсиетін айтқан атақты халық әншісі Шашубай Қошқарбайұлы еді. Әнші Әміре Қашаубаевтан көптеген халық әндерін үйреніп, сонымен бірге аға әншінің орындаушылық шеберлігінен үлгі-өнеге алды. Әміре әншінің талантын жоғары бағалады. «Ағаш аяқ», «Смет», «Топай көк», «Қалқа» сияқты халық әндерімен қатар Біржан салдың «Жанботасын», Ақан серінің «Балқадишасын», «Толыбайын», Жаяу Мұсаның «Ақ сисасын», Естайдың «Қорланын» Әміренің өз аузынан үйренгенін, оны ұстаз тұтатынын Манарбек өз әңгімесінде үлкен толғаныспен айтатын еді. Халық өнерінің майталманы саналған өнер иесі – Манарбек Ержановтың мерейтойына арналған ән кеші жоғары деңгейде өтті.
-->Қазақ музыка мәдениетінің көрнекті өкілдерінің бірі, халық өнерінің қайнар бұлағынан сусындаған Манарбек Ержанов, қазақ даласын ән-жырға бөлеп өткен Біржан сал, Ақан сері, Шашубай, Әміре секілді ақиық әнші-композиторлардың дәстүрін жалғастырушы, олардың әндерін шебер орындаушылардың бірі. «Манарбек Ержанов ерекше даусымен, өнерімен, әншілігімен, актерлігімен, композиторлығымен халыққа кең танылған әнші. Бүгінгі кеште ол кісінің ел естімеген жаңа әндері шырқалып, күйлері тартылды. Соның ішінде «Жастар» әні шырқалды», - деді ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Берік Омаров. Манарбек Ержановты әншілік өнерге баулып, ағалық ақыл-өсиетін айтқан атақты халық әншісі Шашубай Қошқарбайұлы еді. Әнші Әміре Қашаубаевтан көптеген халық әндерін үйреніп, сонымен бірге аға әншінің орындаушылық шеберлігінен үлгі-өнеге алды. Әміре әншінің талантын жоғары бағалады. «Ағаш аяқ», «Смет», «Топай көк», «Қалқа» сияқты халық әндерімен қатар Біржан салдың «Жанботасын», Ақан серінің «Балқадишасын», «Толыбайын», Жаяу Мұсаның «Ақ сисасын», Естайдың «Қорланын» Әміренің өз аузынан үйренгенін, оны ұстаз тұтатынын Манарбек өз әңгімесінде үлкен толғаныспен айтатын еді. Халық өнерінің майталманы саналған өнер иесі – Манарбек Ержановтың мерейтойына арналған ән кеші жоғары деңгейде өтті.