Беларусь елінде Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды
Бұл жобаны ҚР Ұлттық кітапханасы 2016 жылдан бері жүзеге асырып келеді, дәл осындай орталық әлемнің отыз сегіз елінде ашылған. [caption id="attachment_66408" align="alignnone" width="800"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Айтулы шараның ашылуына Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаев пен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева бастаған делегация мүшелері қатысты. «Минскінің төріндегі керемет ғимаратта осындай екі елдің іс-шарасына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Бұл ғимарат жай ғана кітапхана емес, архитектура өнерінің ғажайып туындысы. Біз бұл Ұлттық кітапханамен тығыз байланыстамыз. Әртүрлі мерекелер мен айтулы күндерді бірге атап өтеміз. Былтыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы мен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын бірлесіп өткіздік. Сол үшін де Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Роман Степановичке ризашылығымды білдіремін. Биыл Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын атап өтеміз. Соның қарсаңында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылып отыр, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтары сөзсіз, - деді елші Асқар Бейсенбаев. [caption id="attachment_66409" align="alignnone" width="800"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Сондай-ақ мазмұнды шара барысында Қазақстан мен Беларусь ұлттық кітапханалары арасында мәдени және кітапханалық ынтымақтастық, халықаралық кітап және тәжірибе алмасу, цифрлық, электрондық өзара іс-қимыл мәселелерін дамытуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойылды.
-->Бұл жобаны ҚР Ұлттық кітапханасы 2016 жылдан бері жүзеге асырып келеді, дәл осындай орталық әлемнің отыз сегіз елінде ашылған. [caption id="attachment_66408" align="alignnone" width="800"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Айтулы шараның ашылуына Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Бейсенбаев пен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева бастаған делегация мүшелері қатысты. «Минскінің төріндегі керемет ғимаратта осындай екі елдің іс-шарасына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Бұл ғимарат жай ғана кітапхана емес, архитектура өнерінің ғажайып туындысы. Біз бұл Ұлттық кітапханамен тығыз байланыстамыз. Әртүрлі мерекелер мен айтулы күндерді бірге атап өтеміз. Былтыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы мен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын бірлесіп өткіздік. Сол үшін де Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Роман Степановичке ризашылығымды білдіремін. Биыл Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын атап өтеміз. Соның қарсаңында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылып отыр, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтары сөзсіз, - деді елші Асқар Бейсенбаев. [caption id="attachment_66409" align="alignnone" width="800"] Фото ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметінен[/caption] Сондай-ақ мазмұнды шара барысында Қазақстан мен Беларусь ұлттық кітапханалары арасында мәдени және кітапханалық ынтымақтастық, халықаралық кітап және тәжірибе алмасу, цифрлық, электрондық өзара іс-қимыл мәселелерін дамытуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойылды.