БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға аудару туралы 61 өтініш түсті
Аударымның жалпы сомасы 131 млн теңгеден асады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару салымшыдан өтініш түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылатын болады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын есепке алуды жалғастырады. Зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы үш ИПБ-мен шарт жасасты. Инвестициялық декларацияларын зерделеуді enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару» бөлімінде жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, Басқарушы компанияларға берілетін қаражаттан табыс салығы алынбайды. Қазақстандықтар 6 компанияға зейнетақы жинағын инвестициялай алады.
-->Аударымның жалпы сомасы 131 млн теңгеден асады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару салымшыдан өтініш түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылатын болады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын есепке алуды жалғастырады. Зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы үш ИПБ-мен шарт жасасты. Инвестициялық декларацияларын зерделеуді enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару» бөлімінде жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, Басқарушы компанияларға берілетін қаражаттан табыс салығы алынбайды. Қазақстандықтар 6 компанияға зейнетақы жинағын инвестициялай алады.