Димаш Құдайбергеннің есімі Марста пайда болды
Perseverance ровері 2020 жылдың 30 шілдесінде алыс сапарға аттанып, жеті айдан кейін Қызыл планетаға сәтті қонды. Ruherald.com Fox News–ке сілтеме жасай отырып, Perseverance NASA жіберген ең технологиялық жағынан дамыған робот екенін жеткізді. 2,7 миллиард доллар тұратын Ровер Марс күніне орташа есеппен 200 метрді бағындырады. Ол ұзындығы шамамен 2 метр манипулятор қолымен, бұрғылаумен және ғылыми құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде жоғары ажыратымдылықтағы түсірілім камерасы, ауа-райын өлшеуге және шаңды бақылауға арналған сенсорлар, рентген жүйесі және тау жыныстарының химиялық құрамын өлшеуге арналған камера жүйесі бар. Сондай-ақ Perseverance Марсқа коронавирустық инфекциямен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш тақта және NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған тырнақ көлеміндегі үш кремний чиптерін жеткізді. АҚШ, Түркия, Ресейді қоса алғанда, түрлі елдердегі жанкүйерлер тақтайшаға қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің есімін де енгізуді ұсынған.
-->Perseverance ровері 2020 жылдың 30 шілдесінде алыс сапарға аттанып, жеті айдан кейін Қызыл планетаға сәтті қонды. Ruherald.com Fox News–ке сілтеме жасай отырып, Perseverance NASA жіберген ең технологиялық жағынан дамыған робот екенін жеткізді. 2,7 миллиард доллар тұратын Ровер Марс күніне орташа есеппен 200 метрді бағындырады. Ол ұзындығы шамамен 2 метр манипулятор қолымен, бұрғылаумен және ғылыми құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде жоғары ажыратымдылықтағы түсірілім камерасы, ауа-райын өлшеуге және шаңды бақылауға арналған сенсорлар, рентген жүйесі және тау жыныстарының химиялық құрамын өлшеуге арналған камера жүйесі бар. Сондай-ақ Perseverance Марсқа коронавирустық инфекциямен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш тақта және NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған тырнақ көлеміндегі үш кремний чиптерін жеткізді. АҚШ, Түркия, Ресейді қоса алғанда, түрлі елдердегі жанкүйерлер тақтайшаға қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің есімін де енгізуді ұсынған.