Елорда жаңалықтары

Юнус Эмре атындағы орталық түрікше тегін оқытып, Түркияға 30 билет сыйлайды

Нұр–Сұлтанда орналасқан Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығы қос бауырлас ел Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайту мақсатымен осындай шара өткізеді. «Биыл Юнус Эмренің өмірден озғанына 700 жыл толуына байланысты ЮНЕСКО тарапынан ұлы ақынды еске алу жылы деп бекітілген болатын. Бүкіл әлем жұртшылығы түрік тілі мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Юнус Эмрені еске ала отырып, әртүрлі шараларда оның шығармаларымен жақыннан танысады. Осыған байланысты 30 қаңтарда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Эрдоған 2021 жылды «Юнус Эмре және түрікшенің жылы» ретінде атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, 2021 жылы бауырлас ел Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы үш атаулы оқиғаға орай, Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы онлайн форматта ақысыз түрікше курс ашып, 30 Қазақстан азаматына Түркияға билет сыйлайды», - делінген хабарламада. Тіркелу 28 ақпанда аяқталатын онлайн курсқа Казақстанның кел келген аймағынан жасы 18-ге толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Курсқа кез келген деңгейде түрікше білетін Қазақстан азаматтарының да қатысуына мүмкіндік бар. Жалпы көлемі 72 сағаттан тұратын курсқа тіркелгендерге наурыздың алғашқы аптасында электронды пошталарына деңгей анықтау емтиханына қатысу туралы хабарлама келеді. Курс маусым айында аяқталады деп жоспарланған. Сыйлық ретінде берілетін 30 билет халықаралық бағыттағы, яғни Алматы немесе Нұр –Сұлтаннан ұшатын авиарейстердің билеттері. Курсқа қатысу және сыйлыққа ие болу шарттары туралы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының әлеуметтік желі парақшаларынан мәлімет алуға болады.

-->