Елорда жаңалықтары

Жыл басынан бері карантин талаптарын бұзған 340 құқықбұзушылық тіркелді - Полиция департаменті

«Қала аумағында карантин шараларын жалғастыруға байналысты Полиция департаменті шағын және орта бизнес объектілерін, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарының карантин режимін сақтауға байланысты алдын ала жұмыстар жүргізуде. Эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілер көңіл көтеретін орындар, дәмханалар мен мейрамханаларға, караокелер мен сауда орталықтарына ерекше назар аударылады. Учаскелік полиция инспектерлордың СЭС мамандарымен бірге әкімдіктің мобильді топтарының шаралары жүргізіліп, карантин режимін бұзғандарды анықтайды. Жыл басынан бері мобильдік топтар 540 рейдтік іс-шара өткізіп, 340 карантин талаптарын бұзушылықты анықтады. Атап айтар болсақ, түнгі клубтарда, кафелерде, мейрамханаларда, компьютерлік клубтарда - 278, шаштараз, массаж салондарында, сауналарда, сұлулық салондарында - 17, дүкендерде, сауда орталықтарында, базарларда - 35. 1 ақпандағы жағдай бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 42 мекемеге қатысты 53 материал (ҚР ӘҚБК 462-бабы), материалдарды қарау сатысында жіберді. Соттың шешімімен 20-дан аса құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартылып, объектілердің қызметі тоқтатылды. Карантин режимін бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Және тұрғындар мен режим сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,- деді А.Садықов.

Алтын Салық

--> «Қала аумағында карантин шараларын жалғастыруға байналысты Полиция департаменті шағын және орта бизнес объектілерін, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарының карантин режимін сақтауға байланысты алдын ала жұмыстар жүргізуде. Эпидемиологиялық талаптарды бұзатын объектілер көңіл көтеретін орындар, дәмханалар мен мейрамханаларға, караокелер мен сауда орталықтарына ерекше назар аударылады. Учаскелік полиция инспектерлордың СЭС мамандарымен бірге әкімдіктің мобильді топтарының шаралары жүргізіліп, карантин режимін бұзғандарды анықтайды. Жыл басынан бері мобильдік топтар 540 рейдтік іс-шара өткізіп, 340 карантин талаптарын бұзушылықты анықтады. Атап айтар болсақ, түнгі клубтарда, кафелерде, мейрамханаларда, компьютерлік клубтарда - 278, шаштараз, массаж салондарында, сауналарда, сұлулық салондарында - 17, дүкендерде, сауда орталықтарында, базарларда - 35. 1 ақпандағы жағдай бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 42 мекемеге қатысты 53 материал (ҚР ӘҚБК 462-бабы), материалдарды қарау сатысында жіберді. Соттың шешімімен 20-дан аса құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартылып, объектілердің қызметі тоқтатылды. Карантин режимін бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Және тұрғындар мен режим сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,- деді А.Садықов.

Алтын Салық