Елорда жаңалықтары

Елордаға КВИ-ға қарсы вакцинаның 2 мыңнан астам дозасы жеткізілді

Екі компоненттің сыртқы бейнесі түс айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі - көк, екінші компонент қызыл түсті. Бір флакон 5 адамға екпе салдыруға арналған. Келіп түскен жаңа дозалар бірінші кезеңде вакцинациялау үшін белгіленген қалалық емханаларға тапсырылды. Оларменен ауруханалардың медициналық қызметкерлерін, жедел-жәрдем бригадалардың фельдшерлерін, сүзгі кабинеттің қызметкерлері және басқаларды вакцинациялау жалғасады. 21 күннен кейін тиісті екінші екпесін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов та алды. Емшара бөлмесінің қызметкерлері Мұратовтың хәлін сұраған кезде, денсаулық жағдайының сыр бермегенін жеткізді. "Кішкене әлсіздік байқалды. Бірақ вакцинадан кейінгі мүмкін болатын әсерлерден хабардар едім. Коронавирус жұқтырып, ауырып қалу қорқыныш сезімі оған қарсы екпе алудан әлде қайда жоғары" ,- деп атап өтті Т.Мұратов. Жалпы елорда бойынша вакцинациялау басталғалы бері 2 008 адам екпе алды. Жоспарда 5 700 адамға екпе салдырту.

-->