Елорда жаңалықтары

Бүгіннен бастап елордадан СҚО-ға қоныс аударушылардан құжат қабылдана бастайды

  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында СҚО, Ақжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек күші мол өңірлерден шыққан отбасыларды Ақжар ауданына қоныс аударуға шақырады. Яғни Алматы, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау областары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан ниет білдірген азаматтар атанған ауданға көшіп келе алады. Отбасыларға көшуге субсидия түрінде отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204190 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек төленеді. Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлер (Талшық а, Дауіт а, Горьковское а, Ақжарқын а, Қызылту а, Байтөс а, Май а.), 1 адамға 15 АЕК (43755), 2-4 адамға (52506), 5 және одан жоғары 21 АЕК (61257) тұрғын үйді  жалдау (жалға алу) немесе сатып алу үшін субсидиялар беріледі, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру салаларында бос жұмыс орындары бар. Бағдарламаға қатысу шарттары: Жоғарыда көрсетілген облыстарда кемінде 12 ай тіркелу және орта арнаулы немесе жоғары білімінің, мамандығының немесе біліктілігінің болуы. Құрамы кем дегенде 4 адамнан тұратын отбасы болу. СҚО, Ақжар ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 25 үй, «Өркен» Іскерлер орталығында қабылдайды.

-->