Елордалық мәслихат депутаттары мен Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА өкілдері кездесті
Сонымен қатар ол елордадағы 22 этномәдени орталықта шамамен 5 мың адам жұмыс істеп жатқанын, олардың барлығы Достық үйінде қаладағы өнер мен мәдениетті дамытуға зор үлес қосып жатқанын атап өтті. “Елордалық Ассамблея тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыр. Ол үшін Достық үйінде ғылыми-сараптамалық топ, Қоғамдық келісім кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі құрылып, жемісті жұмыс жасап отыр. Олар сараптамалық, тәрбие және басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Өткен жылы 167 шара өтті. Оған 21 мыңдай алам қатысты. Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген шаралар онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар қайырымдылық шаралар да ұйымдастырылды. “Біз біргеміз”, “Мың алғыс”, “Мектепке жол”, “30 игі іс” акциялары аясында 145 шара өтіп, 6 мың адам көмек алды. Көрсетілген көмек көлемі 50 миллион теңгеге жуықтады”, - деді Ішкі саясат басқармасының басшысы. Жиын барысында мәслихаттың алдағы жұмыс жоспары таныстырылды. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы КХА «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасы Сергей Садықов Достық үйінде үлкен концерт залының жетіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, шаралар жиі өтетіндіктен, шақырылатын қонақтар мен өнер көрсетушілердің санын азайтуға тура келетін көрінеді. Бұл ретте ол қала басшылығы мен мәслихат депутаттарынан Достық үйінің маңынан қосымша ғимарат құрылысын салып беруді өтінді. Қалалық мәслихат хатшысы барлық ұсыныстар назарларынан тыс қалмайтынын айта келе, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істейтінін атап өтті.
--> “Қазақстан халқы Ассамблеясы - этникааралық келісімнің бірегей институты. Ұлттық бірлікті сақтау жөнінде стратегиялық курс қалыптасты. Елордалық Ассамблеяны өңірлердегі Ассамблеяларға үлгі ретінде дамыту бағдарламасы жалғасын тауып келеді. 2025 жылға дейінгі бағдарлама 2019 жылдың қаңтарында бекітілген болатын. Биыл қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2021 жылға арналған Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық моделінің жоспары бекітілді. Осы бойынша этникааралық жағдайларға талдау, мониторингілеу, ақпараттық-түсіндіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тұрғысындағы жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар этникалар арасындағы жанжалдар мен “Отандастар” қорымен бірлесіп, қандастар мәселесін де назарда ұстайтын болады”, - деді Д.Бабамұратов.Сонымен қатар ол елордадағы 22 этномәдени орталықта шамамен 5 мың адам жұмыс істеп жатқанын, олардың барлығы Достық үйінде қаладағы өнер мен мәдениетті дамытуға зор үлес қосып жатқанын атап өтті. “Елордалық Ассамблея тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыр. Ол үшін Достық үйінде ғылыми-сараптамалық топ, Қоғамдық келісім кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі құрылып, жемісті жұмыс жасап отыр. Олар сараптамалық, тәрбие және басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Өткен жылы 167 шара өтті. Оған 21 мыңдай алам қатысты. Карантиндік шектеулерге байланысты көптеген шаралар онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар қайырымдылық шаралар да ұйымдастырылды. “Біз біргеміз”, “Мың алғыс”, “Мектепке жол”, “30 игі іс” акциялары аясында 145 шара өтіп, 6 мың адам көмек алды. Көрсетілген көмек көлемі 50 миллион теңгеге жуықтады”, - деді Ішкі саясат басқармасының басшысы. Жиын барысында мәслихаттың алдағы жұмыс жоспары таныстырылды. Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы КХА «ТАҢ» татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасы Сергей Садықов Достық үйінде үлкен концерт залының жетіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, шаралар жиі өтетіндіктен, шақырылатын қонақтар мен өнер көрсетушілердің санын азайтуға тура келетін көрінеді. Бұл ретте ол қала басшылығы мен мәслихат депутаттарынан Достық үйінің маңынан қосымша ғимарат құрылысын салып беруді өтінді. Қалалық мәслихат хатшысы барлық ұсыныстар назарларынан тыс қалмайтынын айта келе, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс істейтінін атап өтті.