Елорда жаңалықтары

«Jas Otan» ЖҚ еріктілері зейнеткерлердің ауласын қардан тазартуға көмектесті

Қартайған шағында жалғыз тұратын қариялар үнемі күтімді қажет етеді. Зейнеткерлерге қыста жер үй ауласындағы қарды шығару оңай емес. Мұндайда «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері үнемі көмектесуге әзір. Еріктілер Байқоңыр ауданына қарасты «Кирпичный» тұрғын алабында тұратын қарияларға барып, аулаларын қардан тазартты. Тұрғын алаптағы Альфия Гумирова 90 жастағы жалғызбасты қария. «Үйім ылдида орналасқан. Еріген қар суы жиналмас үшін ауланың ішін қардан жиі тазартып тұру қажет. Бұл жұмысқа жастардың көмек көрсетуі ерлік деп білемін. Осы еңбектері үшін алғысымды білдіремін», - деді зейнеткер.

-->