Еуропа профессоры елорда дәрігерлерін оқытты
Шеберлік сағатында олар жұлын нейрохирургиясының өзекті мәселелерін талқылады. Әсіресе, жұлын бағаны және анатомиясы, биомеханикалық аспектілері, жұлын ісіктері мен оның зақымдануы туралы кеңінен ақпарат алды. Профессордың осы келісінде мойын омыртқасында дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері және радикулярлы ауырсыну бар науқасқа ота жасалды. Белгілі дәрігер бұл отаға кеңесші ретінде қатысты. Бас қаланың көп бейінді ауруханаларының дәрігерлері осы іс-шара барысында омыртқа, жұлында болатын нейрохирургиялық аурулардың теориялық негіздері және клиникалық жағдайларды талдау бойынша машықтарға дағдыланды. Осылайша жұлын нейрохирургиясы саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттырды. Шетелдік маманға елорданың бас дәрігер, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов шеберлік сабағы үшін алғысын білдірді. «Медицина деген - ғылымның соңғы ерекше саласы. Ол ылғи да дамып отырады. Оны үздіксіз дамыту үшін білім мен практикасы жоғары шетел мектептерінің тәжірибесін өзімізге әкелуіміз керек. Әлемде де, елде де жыл сайын ота жасау мен емдеу тәсілдері өзгеріп, дамып отырады. Сондықтан дәрігерлерге үнемі ізденіс қажет. Міне, біздің мамандарға сабақ берген профессор әлем бойынша ең жоғары деңгейлі немістің мықты клиникасынан келіп отыр. Бұл орталықпен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату жоспарда бар. Жақында осы мақсатта меморандумға қол қойылмақ. Келесі қадам бойынша біздің бірнеше дәрігерді осы клиникаға жіберіп, бір-екі ай солардың ота жасау үстелінде жұмыс істету арқылы тәжірибе жинақтауына мүмкіндік жасамақпыз. Содан кейін профессорды қайтадан осындай шеберлік сабағын өткізуге елордаға шақыртамыз. Ол кезде бұл жолғыдан анағұрлым күрделірек хирургиялық жұмыстар жүргізуді көздеп отырмыз», деді ол. Шеберлік сыныбына қатысқан №1 қалалық аурухананың нейрохирург дәрігері Еркебұлан Серікқановтың резидентураны қосқанда төрт жыл еңбек өтілі бар. Ол Германиядан келген профессордан сабақ алуымыз өте үлкен тәжірибе болды деп санайды. «Өйткені ол тек қана омыртқа нейрохирургиясымен айналысады екен және омыртқа жотасында болатын барлық дегеранативті ауруларға қатысты қолданылатын соңғы заманауи технологиялармен қалай операция жасауды жақсы біледі. Соны бізге көрсетті. Таза ағылшын тілінде өтті. Бізде Ұлттық нейрохирургия орталығында резидентураға түскенде ең бірінші қойылатын талап - ағылшын тілін Upper Intermediate деңгейінде білу. Сондықтан профессордың шеберлік сабағында аудармашысыз тіке өзінен білім алуға мүмкіндігіміз болды», дейді жас дәрігер.
Райхан Рахметова
-->Шеберлік сағатында олар жұлын нейрохирургиясының өзекті мәселелерін талқылады. Әсіресе, жұлын бағаны және анатомиясы, биомеханикалық аспектілері, жұлын ісіктері мен оның зақымдануы туралы кеңінен ақпарат алды. Профессордың осы келісінде мойын омыртқасында дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері және радикулярлы ауырсыну бар науқасқа ота жасалды. Белгілі дәрігер бұл отаға кеңесші ретінде қатысты. Бас қаланың көп бейінді ауруханаларының дәрігерлері осы іс-шара барысында омыртқа, жұлында болатын нейрохирургиялық аурулардың теориялық негіздері және клиникалық жағдайларды талдау бойынша машықтарға дағдыланды. Осылайша жұлын нейрохирургиясы саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттырды. Шетелдік маманға елорданың бас дәрігер, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов шеберлік сабағы үшін алғысын білдірді. «Медицина деген - ғылымның соңғы ерекше саласы. Ол ылғи да дамып отырады. Оны үздіксіз дамыту үшін білім мен практикасы жоғары шетел мектептерінің тәжірибесін өзімізге әкелуіміз керек. Әлемде де, елде де жыл сайын ота жасау мен емдеу тәсілдері өзгеріп, дамып отырады. Сондықтан дәрігерлерге үнемі ізденіс қажет. Міне, біздің мамандарға сабақ берген профессор әлем бойынша ең жоғары деңгейлі немістің мықты клиникасынан келіп отыр. Бұл орталықпен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату жоспарда бар. Жақында осы мақсатта меморандумға қол қойылмақ. Келесі қадам бойынша біздің бірнеше дәрігерді осы клиникаға жіберіп, бір-екі ай солардың ота жасау үстелінде жұмыс істету арқылы тәжірибе жинақтауына мүмкіндік жасамақпыз. Содан кейін профессорды қайтадан осындай шеберлік сабағын өткізуге елордаға шақыртамыз. Ол кезде бұл жолғыдан анағұрлым күрделірек хирургиялық жұмыстар жүргізуді көздеп отырмыз», деді ол. Шеберлік сыныбына қатысқан №1 қалалық аурухананың нейрохирург дәрігері Еркебұлан Серікқановтың резидентураны қосқанда төрт жыл еңбек өтілі бар. Ол Германиядан келген профессордан сабақ алуымыз өте үлкен тәжірибе болды деп санайды. «Өйткені ол тек қана омыртқа нейрохирургиясымен айналысады екен және омыртқа жотасында болатын барлық дегеранативті ауруларға қатысты қолданылатын соңғы заманауи технологиялармен қалай операция жасауды жақсы біледі. Соны бізге көрсетті. Таза ағылшын тілінде өтті. Бізде Ұлттық нейрохирургия орталығында резидентураға түскенде ең бірінші қойылатын талап - ағылшын тілін Upper Intermediate деңгейінде білу. Сондықтан профессордың шеберлік сабағында аудармашысыз тіке өзінен білім алуға мүмкіндігіміз болды», дейді жас дәрігер.
Райхан Рахметова