Қазіргі уақытта елордада 1 980 медицина қызметкері вакцина қабылдады – Рүстемова
«Осымен вакцинацияның үшінші аптасы қорытындыланып отыр. Елордадағы ең алғашқы болып екпе қабылдайтын 6 300 медициналық қызметкердің бүгінде 1 980-і вакцина салдырды. Ешкімнен ауыр жағдай анықталған жоқ. Вакцинацияның толық курсын алған пациенттерге иммунитетін көтеруге ол 1,5 ай ішінде әсер етеді. Сондықтан екпе алған адамдар профилактикалық шараларды қатаң ұстануы керек. Ал вакцинаның келесі партиясы осы айдың соңында келуге тиіс. Одан кейін медицина қызметкерлерін вакцинациялауды жалғастыра отырып, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлеріне вакцина егуді бастаймыз. Әрі қарай кезең кезеңімен жүргізіледі. Қаладағы алғашқы медициналық көмек беретін мекемелерде арнайы кабинеттер жабдықталған. Күту залы, әлеуметтік арақашықтық сақтау ұйымдастырылған. Екпе қабылдағаннан кейін пациент жарты сағат мамандардың бақылауында болады», - деді ол.
-->«Осымен вакцинацияның үшінші аптасы қорытындыланып отыр. Елордадағы ең алғашқы болып екпе қабылдайтын 6 300 медициналық қызметкердің бүгінде 1 980-і вакцина салдырды. Ешкімнен ауыр жағдай анықталған жоқ. Вакцинацияның толық курсын алған пациенттерге иммунитетін көтеруге ол 1,5 ай ішінде әсер етеді. Сондықтан екпе алған адамдар профилактикалық шараларды қатаң ұстануы керек. Ал вакцинаның келесі партиясы осы айдың соңында келуге тиіс. Одан кейін медицина қызметкерлерін вакцинациялауды жалғастыра отырып, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлеріне вакцина егуді бастаймыз. Әрі қарай кезең кезеңімен жүргізіледі. Қаладағы алғашқы медициналық көмек беретін мекемелерде арнайы кабинеттер жабдықталған. Күту залы, әлеуметтік арақашықтық сақтау ұйымдастырылған. Екпе қабылдағаннан кейін пациент жарты сағат мамандардың бақылауында болады», - деді ол.