Елорда жаңалықтары

«Astana Musical» мемлекеттік театрында «COVID-19» би перформансының премьерасы өтеді

«Спектакльде басты назарда 2020 жылдың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» мәселесі. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті пафосқа толы образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті», деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі. Әлемді күрт өзгерткен COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма?  Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын көрермендер «COVID-19» атты хореографиялық спектакльден табады. Спектакльдің режиссер-хореографы – «Astana Musical» театрының артисі Анель Мырзағұлова, музыкалық туындыларды «Astana Musical» артисі Ақжол Өмірзақов жазған.Театрдың көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин. Жаңа қойылым 26-27 ақпанда сағат 19.30-да «Қазақстан» ОКЗ-да  өтеді.

-->