Тәуелсіздікті сақтауда патриот азаматтардың белсенді үлесі зор – Болат Тілепов
Сонымен қатар ол мемлекет пен әлеуметтің ауыр жүгін бөлісіп жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділеріне азаматтық үлестері үшін өзінің алғысын білдірді. «Ел азаматтарының тұрмысын жақсартып, өмір сапасын жақсарту ісінде азаматтық күштердің үлесі де, салмағы да ерекше. Ал енді өмір сапасы дегеніміздің өзі – әрбір отбасының молшылық пен берекелі тұрмысы, мықты денсаулығы, балалардың сапалы білімі мен жақсы тәлім-тәрбиесі, қауіпсіздігі мен қолайлы қоршаған ортасы. Бұл ретте негізгі басымдықты бірқатар маңызды бағытқа берген дұрыс. Біріншіден, бұл – балаларға білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру. Айталық, мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, тәні мен жанының саулылығын қамтамасыз ету, кәсіптік бағдар беру, олардың биік рухани келбетін қалыптастыру сияқты басқа да тақырыптар бойынша үкіметтік емес ұйымдар ден қойып жұмыс жүргізеді. Екіншіден, денсаулық сақтау және медицина сапасын арттыру бағыты бойынша оның қолжетімділігін арттыру, медициналық сақтандыру мәселесін насихаттау, пандемия сияқты қоғамдық індеттерге қарсы тұру, түрлі психологиялық-консультативтік орталықтарының жұмысын ұйымдастыру тақырыбындағы жобалар өте өзекті. Үшіншіден, халқымыздың жаппай салауатты өмір салтын жақсарту ісі бойынша тек тән саулығы, яғни спортпен шұғылдану ғана емес, рухани өмірінің тазалығы, дін мен тіл, әдебиет пен мәдениет, салт-дәстүр алға шығады. Әрине, бұл жалпы мәселелер. Десе де мұның қай-қайсысы болмасын, оны білімді де білікті азаматтарсыз, ұйымдарсыз елестету мүмкін емес. Сіздердің қолдауларыңызбен қатар, мемлекет үшін шынайы әрептестіктеріңіз қажет. Сонда ғана осындай ауқымды жұмыстарыңыз ел игідігіне жарайтын болады», - деді Болат Тілепов.
--> «27 ақпан – Бүкіләлемдік үкіметтік емес ұйымдар күні. Ал 1 наурыз – еліміздегі алғыс айту күні. Барлықтарыңызды келе жатқан осы мәнді де мағыналы мерекелермен құттықтаймын. Шын мәнінде мемлекеттің тәуелсіздігі мен азаматтық қоғамның дамуы бұл өзара тығыз байланысты әрі бір-біріне өте тәуелді ұғымдар. Өйткені тәуелсіздікке алып келетін елдің жанкештілік күресі болса, сол тәуелсіздікті ұстап тұратын патриот азаматтардың белсенді үлесі. Бұрын небәрі ондаған үкіметтік емес ұйым жұмыс істесе, бүгінде әр саланы азаматтық бастамаларсыз елестету қиын. Қазіргі таңда елімізде 16 мың үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Жалпы, 22 мың азаматтық ұйым ресми түрде тіркелген. Азаматтық секторда шамамен 24 мың адам бар. Соның ішінде үкіметтік емес ұйымдарының 9 пайызы жастар мен балалардың мәселесі бағыты бойынша, 36 пайызы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен білім, денешынықтыру саласы бойынша, 16 пайызы салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғау бойынша, 9 пайызы гендерлік мәселелерді шешу, қоршаған ортаны қорғау және мәдениет пен өнерді дамыту бойынша жұмыс жүргізеді», - деді вице-министр.Сонымен қатар ол мемлекет пен әлеуметтің ауыр жүгін бөлісіп жүрген үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділеріне азаматтық үлестері үшін өзінің алғысын білдірді. «Ел азаматтарының тұрмысын жақсартып, өмір сапасын жақсарту ісінде азаматтық күштердің үлесі де, салмағы да ерекше. Ал енді өмір сапасы дегеніміздің өзі – әрбір отбасының молшылық пен берекелі тұрмысы, мықты денсаулығы, балалардың сапалы білімі мен жақсы тәлім-тәрбиесі, қауіпсіздігі мен қолайлы қоршаған ортасы. Бұл ретте негізгі басымдықты бірқатар маңызды бағытқа берген дұрыс. Біріншіден, бұл – балаларға білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру. Айталық, мектеп жасындағы балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, тәні мен жанының саулылығын қамтамасыз ету, кәсіптік бағдар беру, олардың биік рухани келбетін қалыптастыру сияқты басқа да тақырыптар бойынша үкіметтік емес ұйымдар ден қойып жұмыс жүргізеді. Екіншіден, денсаулық сақтау және медицина сапасын арттыру бағыты бойынша оның қолжетімділігін арттыру, медициналық сақтандыру мәселесін насихаттау, пандемия сияқты қоғамдық індеттерге қарсы тұру, түрлі психологиялық-консультативтік орталықтарының жұмысын ұйымдастыру тақырыбындағы жобалар өте өзекті. Үшіншіден, халқымыздың жаппай салауатты өмір салтын жақсарту ісі бойынша тек тән саулығы, яғни спортпен шұғылдану ғана емес, рухани өмірінің тазалығы, дін мен тіл, әдебиет пен мәдениет, салт-дәстүр алға шығады. Әрине, бұл жалпы мәселелер. Десе де мұның қай-қайсысы болмасын, оны білімді де білікті азаматтарсыз, ұйымдарсыз елестету мүмкін емес. Сіздердің қолдауларыңызбен қатар, мемлекет үшін шынайы әрептестіктеріңіз қажет. Сонда ғана осындай ауқымды жұмыстарыңыз ел игідігіне жарайтын болады», - деді Болат Тілепов.