Армия халықаралық ойындарына қазақстандық командаларды іріктеу жарыс форматында өтеді
Армия халықаралық ойындары - халықаралық әскери ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу іс-шарасы ғана емес, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік шеберлігін арттырудың тиімді құралы. Ойындарға даярлық пен қатысу кезінде жауынгерлер кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Бұл дағдылар оларға жарыс барысында ғана емес, сонымен қатар күнделікті жауынгерлік оқу-жаттығу іс-қимылында да қажет. Биыл қазақстандық командалардың «АрХО-2021» ойындарына даярлығы жарыс форматында өтеді, оған барлық өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің өкілдері қатысады. Бұл Армия халықаралық ойындарының ұлттық іріктеу кезеңі болмақ. Оқу-жаттығу полигондарында өтетін жарыстарда әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін көрсетуі үшін қажетті жағдай жасалатын болады. Жарыс қорытындысы бойынша Қарулы Күштер ауқымында үздік әскери қызметшілер, экипаждар мен есептоптар анықталып, сондай-ақ «АрХО-2021» конкурсына қатысу үшін командалар құрылады.
-->Армия халықаралық ойындары - халықаралық әскери ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу іс-шарасы ғана емес, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік шеберлігін арттырудың тиімді құралы. Ойындарға даярлық пен қатысу кезінде жауынгерлер кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Бұл дағдылар оларға жарыс барысында ғана емес, сонымен қатар күнделікті жауынгерлік оқу-жаттығу іс-қимылында да қажет. Биыл қазақстандық командалардың «АрХО-2021» ойындарына даярлығы жарыс форматында өтеді, оған барлық өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің өкілдері қатысады. Бұл Армия халықаралық ойындарының ұлттық іріктеу кезеңі болмақ. Оқу-жаттығу полигондарында өтетін жарыстарда әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін көрсетуі үшін қажетті жағдай жасалатын болады. Жарыс қорытындысы бойынша Қарулы Күштер ауқымында үздік әскери қызметшілер, экипаждар мен есептоптар анықталып, сондай-ақ «АрХО-2021» конкурсына қатысу үшін командалар құрылады.