Сарыағаш-Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді
Анастасия Гранкина есімді әйел жол үстінде толғатып, жолсерік Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрайды. Пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен кезекші жолсерік Зина Күнісбаева босану кезінде көмек көрсетті. «Сәбиімді аман-есен дүниеге әкелуге көмектескен жандарға алғысымды білдіремін. Әсіресе пойыз қызметкерлерінің көмегі зор болды», - дейді Анастасия Гранкина. Ата-анасы қыздың есімін Амина деп қойды.
-->Анастасия Гранкина есімді әйел жол үстінде толғатып, жолсерік Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрайды. Пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен кезекші жолсерік Зина Күнісбаева босану кезінде көмек көрсетті. «Сәбиімді аман-есен дүниеге әкелуге көмектескен жандарға алғысымды білдіремін. Әсіресе пойыз қызметкерлерінің көмегі зор болды», - дейді Анастасия Гранкина. Ата-анасы қыздың есімін Амина деп қойды.