Елорда жаңалықтары

Елордада «Birge» сайты іске қосылды

«Өздеріңіз білетіндей, елордамыздың аудандарын полиорталық қағидаты бойынша дамытудамыз. Бұл дегеніміз - қадамдық жақын жерде орналасқан әлеуметтік нысандар, уақыт өткізуге арналған абаттанған орындар, инфрақұрылымы дамыған, жасыл бақтары және т.б. бар қала. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қаланы дамыту бойынша ұсыныстарыңыз келіп түсуде. Бұл бізді қатты қуантады. Осы жұмысты жүйелеу және елорданы сіздермен бірге дамыту үшін «Birge» сайты іске қосылды. Сайтта сіз әртүрлі бағыттар бойынша ұсыныстар мен өз көзқарасыңызды қалдыра аласыздар, - деп жазды А.Көлгінов.

Апатты ескі тұрғын үйлерді сүру, экология, газдандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістік, көшелерді жарықтандыру, жануарларды қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, білім беру, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, урбанистика - қалалық орта, бизнес, көлік, санитариялық тазарту секілді санаттар жеке берілді. «Платформаның жұмыс істеу процесі қарапайым: біріншісі - идея ұсыну, екіншісі - іріктеу, үшіншісі - жобаны жүзеге асыру. Тұрғындардың ең жақсы ұсыныстарын жүзеге асырамыз! Елорданы "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары аясында дамытудамыз, қаланы шынымен жайлы ете аламыз!», - дейді елорда әкімі.

--> «Өздеріңіз білетіндей, елордамыздың аудандарын полиорталық қағидаты бойынша дамытудамыз. Бұл дегеніміз - қадамдық жақын жерде орналасқан әлеуметтік нысандар, уақыт өткізуге арналған абаттанған орындар, инфрақұрылымы дамыған, жасыл бақтары және т.б. бар қала. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қаланы дамыту бойынша ұсыныстарыңыз келіп түсуде. Бұл бізді қатты қуантады. Осы жұмысты жүйелеу және елорданы сіздермен бірге дамыту үшін «Birge» сайты іске қосылды. Сайтта сіз әртүрлі бағыттар бойынша ұсыныстар мен өз көзқарасыңызды қалдыра аласыздар, - деп жазды А.Көлгінов.