Алтай Көлгінов: Абай жолы – ізденген адамға шамшырақ
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Абай күнімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеген болатын. Абай – ұлттың темірқазығы. Абай жолы – ізденген адамға шамшырақ, адасқан адамға туралықты көрсететін қастерлі жол. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономикалық ахуалдың ауыртпалығына қарамастан, Елбасымыз Ұлы ойшылдың 150 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдап, рухани сілкініс жасады. Биыл қаламызда Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар жоспарланған еді. Алайда әлемдік пандемия жоспарымызды өзгертті. Шаралардың форматы онлайн болғанымен, мән-мазмұны өзгермейді. Абай философиясы әрқайсымыздың жүрегімізден орын алғанда ғана ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек сияқты адамдықтың үш қасиеті қалыптаспақ. Баршаңызды Абай күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», - делінген құттықтау хатында.
-->Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Абай күнімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеген болатын. Абай – ұлттың темірқазығы. Абай жолы – ізденген адамға шамшырақ, адасқан адамға туралықты көрсететін қастерлі жол. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында экономикалық ахуалдың ауыртпалығына қарамастан, Елбасымыз Ұлы ойшылдың 150 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдап, рухани сілкініс жасады. Биыл қаламызда Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар жоспарланған еді. Алайда әлемдік пандемия жоспарымызды өзгертті. Шаралардың форматы онлайн болғанымен, мән-мазмұны өзгермейді. Абай философиясы әрқайсымыздың жүрегімізден орын алғанда ғана ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек сияқты адамдықтың үш қасиеті қалыптаспақ. Баршаңызды Абай күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», - делінген құттықтау хатында.