Инвестицияларды тарту есебінен бірқатар жобалар қолдау тапты - елорда әкімі
Сонымен қатар ол қолдау тапқан жобалар қатарында - медициналық орталықтар, спорт мекемелері, мектептер, балабақшалар салу да бар екенін атап өтті. "Оның ішінде, мектепке дейінгі арнайы коррекциялық оқу орны салынбақ. Ерекше мұқтаждығы бар азаматтарға медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, денсаулықтың жақсару динамикасын көру де маңызды. Бұған дейін жүзеге асырылған жобалар түрлі салаларда жұмыс істеп келеді. Олар шығаратын өнімдер үй, мектеп, медициналық орталық салуға, жол құрылысына, абаттандыру жұмыстарында пайдаланылады. Әрбір инвестормен тікелей жұмыс істеп, жобаларды іске асу барысын қадағалаймыз", - деді А.Көлгінов.
--> "Коронавирус пандемиясына қарамастан, біз тұрғындар мен қаламыз үшін маңызды жобаларға тартылған жеке инвестициялардың мөлшерін сақтап қана қоймай, тіпті айтарлықтай арттыра алдық. Биыл да осы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз. Бүгін өңірлік кеңесте жеке инвестицияларды тарту есебінен - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты жергілікті тауармен жабдықтау үшін жылыжай кешенінің, өндірістік-логистикалық орталықтың, гипермаркеттердің құрылысы сияқты бірқатар жобалар қолдау тапты", - деп жазды қала әкімі.Сонымен қатар ол қолдау тапқан жобалар қатарында - медициналық орталықтар, спорт мекемелері, мектептер, балабақшалар салу да бар екенін атап өтті. "Оның ішінде, мектепке дейінгі арнайы коррекциялық оқу орны салынбақ. Ерекше мұқтаждығы бар азаматтарға медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, денсаулықтың жақсару динамикасын көру де маңызды. Бұған дейін жүзеге асырылған жобалар түрлі салаларда жұмыс істеп келеді. Олар шығаратын өнімдер үй, мектеп, медициналық орталық салуға, жол құрылысына, абаттандыру жұмыстарында пайдаланылады. Әрбір инвестормен тікелей жұмыс істеп, жобаларды іске асу барысын қадағалаймыз", - деді А.Көлгінов.