Елорда жаңалықтары

АХАЖ органдарына 100 жыл: Мекеме мамандары 100 жастағы кейуана мен 60 жыл отасқан отбасын құттықтады

«100 жылдық мерейтойларың құтты болсын! Мені құрметтеп, арнайы келгендеріңе алғысым шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ұзақ өмір сүріңдер!» – деп 100 жастағы кейуана Авсия Мамаржан әже құттықтап келген АХАЖ мамандарына аналық ақ батасын берді.

Жалпы, адам баласы дүниеге келген сәттен астап өмір жолын АХАЖ органдарынан бастайды. Сондай-ақ некеге тұруы, балаларының дүниеге келуі, тіпті өмірінің ақырғы сәті де қайтыс болу туралы акт жазбасымен АХАЖ органдарында тіркеледі. Қанша уақыт өтсе де, адамдардың өмір деректері осы мекемеде сақталады. Елорданың байырғы тұрғыны Алгиса Алпыспаев 60 жыл бұрын некеге тұру үшін қаладағы АХАЖ органына өтініш берген. Мекеме мамандары 60 жыл бойы жұптары жазылмаған шаңырақ иелерін мерейтойларымен құттықтап, арнайы үйлеріне бас сұқты. Айта кетсек, АХАЖ органдары 1921 жылы 5 наурызда Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің шешімімен құрылған.

--> «100 жылдық мерейтойларың құтты болсын! Мені құрметтеп, арнайы келгендеріңе алғысым шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ұзақ өмір сүріңдер!» – деп 100 жастағы кейуана Авсия Мамаржан әже құттықтап келген АХАЖ мамандарына аналық ақ батасын берді.