Елорда жаңалықтары

Полиция және прокуратура органдарында «сервистік» модель енгізіледі

«Құқық қорғау және сот жүйесін одан ары жаңғырту жөніндегі шаралар қабылданатын болады. 2021 жылы азаматтардың құқық қорғау органдырмен жедел өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін мобильді қосымша мен чат-боттар әзірленіп, енгізіледі», - деді Үкімет басшысы. 

Оның айтуынша, бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту жөніндегі тұжырымдама қабылданады. «2023 жылы полиция және прокуратура органдарында жұмыстың «сервистік» моделі енгізіледі. 2024 жылы мемлекет кепілдік беретін құқықтық көмектің көлемі 2 есеге артады. Құқық қорғау органдарының құзіреті нақты бөлінеді», - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысының айтуынша, жергілікті полиция қызметінде «қадамдық жердегі полиция» ұстанымын енгізу мақсатында 2021-2025 жылдары 176 модульдік стационарлық пост, 390 учаскелік пункт салынады. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2021 жылы 17 қалада және одан кейін 2025 жылға қарай 69 моноқалада бақылау жүйесі енгізіледі», - деді Асқар Мамин.

--> «Құқық қорғау және сот жүйесін одан ары жаңғырту жөніндегі шаралар қабылданатын болады. 2021 жылы азаматтардың құқық қорғау органдырмен жедел өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін мобильді қосымша мен чат-боттар әзірленіп, енгізіледі», - деді Үкімет басшысы. 