Елорда жаңалықтары

"Nur-Sultan Open 2021" жеңіл атлетикадан елорда чемпионаты жалауын желбіретті

«Бұл – жаңа кешендегі алғашқы чемпионат. Оған 170-тен аса спортшы қатысады. Барлық санитарлық талаптар сақталады. Чемпионат ұзындыққа секіру, спорттық тез жүру сияқты жеңіл атлектиканың бес түрі бойынша өтеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жеңіл атлетика федерациясының атқарушы директоры Сұлтан Мұхтар.

Оның айтуынша, чемпионаттың ашылу салтанатына қала әкімі Алтай Көлгінов пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысады деп күтілуде. Айта кетсек, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылған болатын. Ол халықаралық талаптардың бәріне сәйкес келеді және World Athletics сертификатын алған. Заманауи жоғары технологиялармен жабдықталған база спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға, әлем чемпионаты мен жазғы Олимпиада ойындарына дайындалуына мүмкіндік береді.

--> «Бұл – жаңа кешендегі алғашқы чемпионат. Оған 170-тен аса спортшы қатысады. Барлық санитарлық талаптар сақталады. Чемпионат ұзындыққа секіру, спорттық тез жүру сияқты жеңіл атлектиканың бес түрі бойынша өтеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жеңіл атлетика федерациясының атқарушы директоры Сұлтан Мұхтар.