Елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды
1 ақпаннан бастап елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакцинация бойынша 1 500-ден астам медицина қызметкері оқытылды. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, оның ішінде жедел медициналық жәрдем станцияларында, реанимацияда, санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істейтін мамандар вакцинацияланады. Келесі кезеңде - мектеп мұғалімдері, ЖОО педагогтары, полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері және т.б. қабылдайды. Ресейлік "Спутник V" вакцинасы екі компонентті: 1-компонентті алғаннан кейін екіншісі 21 күннен кейін егіледі. Бүгінгі таңда 1-компоненттегі вакцинация аяқталуда.
-->1 ақпаннан бастап елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакцинация бойынша 1 500-ден астам медицина қызметкері оқытылды. Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, оның ішінде жедел медициналық жәрдем станцияларында, реанимацияда, санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істейтін мамандар вакцинацияланады. Келесі кезеңде - мектеп мұғалімдері, ЖОО педагогтары, полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері және т.б. қабылдайды. Ресейлік "Спутник V" вакцинасы екі компонентті: 1-компонентті алғаннан кейін екіншісі 21 күннен кейін егіледі. Бүгінгі таңда 1-компоненттегі вакцинация аяқталуда.