Елорда жаңалықтары

Ел қаламгерлері «Парасат жолы» орталығының жұмысына сәттілік тіледі

Жиында республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел, Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы, Атырау облысы әмбебап кітапханасының басшысы Сара Салахатдинқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы қатысты. «Шынын айтқанда «Адалдық алаңы» жобасы болсын немесе мынау жаңадан құрылған «Парасат жолы» орталықтары болсын, екеуінің бір арнадан түйісуі, қоғамның жемқорлық деген дерттен айығуына, тазаруына апаратын үлкен жол. Бір қуанарлығы, қазір осындай орталықтар жоғары оқу орындарында, колледждерде ашылып жастарымызды ізгілікке тәрбиелеуде. Тіпті мектептерде парасаттылық туралы тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Бұл халқымыздың «баланы - жастан» деген ұғымға саяды. Бұл өте құптарлық дүние. Себебі бала жастайынан жемқорлықты көріп өссе ертең сондай болмасына кім кепіл. Қоғамды түбегейлі жемқорлықтан тазарту өте қиын нәрсе. Бірақ соған міне бетбұрыс басталды. Жемқорлықпен күресу қозғалысы да қоғамды меңдеткен ауыр дертпен күресу болып есептелінеді. Сондықтан бүкіл халық болып қолдау керек. Осы жаңадан ашылған орталықтар арқылы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін рухани тазару жұмыстарын жүргізу керек деп есептеймін. Мемлекеттің өзі жемқорлықпен күреске шындап кіріскенде, біздің зиялы қауым өкілдері бұдан шеттеп қалмауы керек деп мен ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмыстарын біздің жазушылар қолдайды. Қаламгерлеріміз мемлекет қаржысын жымқырғандарды қоғамға әшкерелеу бағытында қаламын қару етіп, осыған байланысты шығармалар жазады деп сенеміз», - деді Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет. Келелі басқосуда адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде кең көлемде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, биыл «Парасат жолы» орталығының негізгі бағыт-бағдары айқындалып, нақты қадамдар баяндалды. «Парасат жолы» орталығының мақсаты – ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

-->