Елорда жаңалықтары

Індетті бірлесіп жеңдік - Мәжіліс депутаты

"Елмен бірге елорданы да әбігерге салған індет бізден іргесін аулақ сала бастады. Қазірдің өзінде COVID-19-бен күресуде белгілі бір табысқа жеттік. Бірақ жеңдік деп босаңсуға болмайды. Пандемиямен күресте «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегенге көзіміз жетті. Мұның бәрі – қала басшылығы мен медициналық ұйымдардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай еңбек еткенінің жемісі», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша індетпен күресуде қала басшылығының үлесі зор. «Індет басталған күннен-ақ қала басшылығы жедел әрі сенімді түрде іс-әрекет жасады. Алғашқы кезекте қарапайым халыққа, содан соң дәрігерлерге көмектесуге қатысты дәл, дұрыс шешім қабылдай білді. Халыққа қажетті дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары сатып алынып, ауруханаларда қосымша төсектер қойылды. Медицина қызметкерлерінің көпшілігі COVID-19-бен күресуге жұмылдырылды», - деді ол. «Әуелде індеттен қарапайым халықтың қатты шошығаны рас. Қоғамды үрей мен дүрбелең жайлағанда жергілікті билік пен ақ халатты абзал жандардың нақты іс-қимылы қажет болатын. Бұрын-соңды біздің басымызда мұндай қиыншылық болмағандықтан, әуелде жұмысты дұрыс үйлестіру оңай болмады. Соған қарамастан, індет індеген сәтте мәселені талқылап отыруға уақыт жоқ еді. Тығырықтан шығатын жолды тауып, тек алға қарай қадам басу қажеттігін түсіндік. Шиеленісіп бара жатқан ахуалды тұрақтандыру және бақылауда ұстау үшін қала басшылығы саяси ұстамдылық таныта білді. Алтай Сейдірұлы барлық қала шаруашылығы мен қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылауды бірінші орыға қойды. Денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері алдыңғы шепке шықты», - деп сөзін жалғады. Сонымен қатар Лариса Павловец пандемиядағы қиыншылық зардабы халықты ауызбіршілікке шақырғаны туралы айтты. "Жедел іс-әрекет еткен штаб пен өте дұрыс жасалған жоспардың нәтижесінде ахуал толық бақылауға алынды. Індеттің кесірінен болуы мүмкін үлкен шығындарға жол берілген жоқ. Бұрынғыдай мүлгіген тыныштығынан айрылса да, елорда тұрғындары әрбір күннен үміт күтіп, тірлігін жасап жатты. Әрине, халықтың карантиндік іс-шараларға түсіністікпен қарауы, санитарлық талаптарды сақтауы індеттің шарықтау шегіне жеткен кезде көп көмектесті. Науқастардың өмірін арашалап қалу үшін ештеңеден аянбаған дәрігерлер де, тыныштық пен тәртіпті күзеткен полицейлер де, күні-түні демалмастан жұмыс істеген төтенше жағдай қызметкерлері де, халыққа азық-түлік тасыған еріктілер де, қарапайым халық пен қала билігіне қиыншылықты тез жеңуге жәрдем берді. Меніңше, еріктілерге ерекше алғыс айтуымыз керек. Пандемия қоғамда ізгілік пен қайырымдылықтың, жақсылық пен бірліктің жеңетінін дәлелдеді. Біз, нұр-сұлтандықтар өзгелермен қатар бұл қиыншылықтан ширығып, тәжірибе жинап шықтық», - деді ол. «Қандай қиыншылық болмасын, ол әуелі дұрыс, оң шешім қабылдай білетін басшылыққа түседі. Сын сағатта ерік-жігерімен, табандылық-төзімімен қайрат көрсете білген қала басшылығына алғысым шексіз. Алтай Сейдірұлы Көлгінов бастаған азаматтар өздерінің осы лауазымды қызметке лайықты екенін дәлелдеді. Індетті бірлесіп жеңдік», -  деп сөзін аяқтады.  

--> "Елмен бірге елорданы да әбігерге салған індет бізден іргесін аулақ сала бастады. Қазірдің өзінде COVID-19-бен күресуде белгілі бір табысқа жеттік. Бірақ жеңдік деп босаңсуға болмайды. Пандемиямен күресте «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегенге көзіміз жетті. Мұның бәрі – қала басшылығы мен медициналық ұйымдардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай еңбек еткенінің жемісі», - деді Мәжіліс депутаты.