Елорда жаңалықтары

Жандарбек Мәлібекұлы: Әкімдікке артылған жауапкершілік үлкен

"Қалада тоқтаусыз жауын жауса, кей көшелер мен үйлердің ауласын су басатын еді. Әкімдік бұл мәселені біржақты қылды. Жауын-шашын кәріз жүйесіне байланысты құрылған Elorda eco systems кәсіпорнына артар үмімітіміз үлкен, түрлі қиындықтардың алдын алады деп сенемін. Елорда күннен күнге көркейіп, қадамдап емес қарыштап дамып келеді. Сәйкесінше көркі көз қуантарлық ғимараттармен, үйлермен толығуда. Дегенмен назар аударатын тұсы – қала архитектурасына ұлттық нақыш жетіңкіремейді. Қазіргі астанамыздың архитектуралық үлгісіне жаңашылдық керек. Себебі күні бүгінге дейін Кеңес дәуірінен қалған қарабайыр үлгіден құтыла алмай келеміз. Әкімдік осы мәселеге назар аударса, суретшілер жаңашылдыққа бет бұрса дұрыс болар еді. Биыл құрылысы ұзаққа созылған қаншама тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Үлескерлер мәселесі оң шешімін тапты. Сонымен қатар өткен жылы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді, ауламыз шағын саябаққа айналды. Немерелерімнің алысқа ұзамай-ақ үйдің жанында алаңсыз ойын ойнап, дене шынықтыруына бар жағдай жасалып отыр. Бүгінгі кездесуде газдандыру мәселесі көтерілді. Бұл өте дұрыс шешім. Себебі желсіз түнде қала түтіннен көз ашпайды. Көпқабатты үйде тұратындар кешке қарай терезелерін ашпай отыруға мәжбүр, өйткені терезеден таза ауа емес, түтін кіреді. Сондықтан газ тарту мәселесі жүйелі түрде жүзеге асса екен. Халыққа қолайлы қала тұрғызуда әкімдікке артылған жауапкершілік үлкен. Сол жолда күн тәртібіндегі барлық мәселелер оң шешімін табар деп үміттенемін", - дейді Ж.Мәлібекұлы. --> "Қалада тоқтаусыз жауын жауса, кей көшелер мен үйлердің ауласын су басатын еді. Әкімдік бұл мәселені біржақты қылды. Жауын-шашын кәріз жүйесіне байланысты құрылған Elorda eco systems кәсіпорнына артар үмімітіміз үлкен, түрлі қиындықтардың алдын алады деп сенемін. Елорда күннен күнге көркейіп, қадамдап емес қарыштап дамып келеді. Сәйкесінше көркі көз қуантарлық ғимараттармен, үйлермен толығуда. Дегенмен назар аударатын тұсы – қала архитектурасына ұлттық нақыш жетіңкіремейді. Қазіргі астанамыздың архитектуралық үлгісіне жаңашылдық керек. Себебі күні бүгінге дейін Кеңес дәуірінен қалған қарабайыр үлгіден құтыла алмай келеміз. Әкімдік осы мәселеге назар аударса, суретшілер жаңашылдыққа бет бұрса дұрыс болар еді. Биыл құрылысы ұзаққа созылған қаншама тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Үлескерлер мәселесі оң шешімін тапты. Сонымен қатар өткен жылы абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді, ауламыз шағын саябаққа айналды. Немерелерімнің алысқа ұзамай-ақ үйдің жанында алаңсыз ойын ойнап, дене шынықтыруына бар жағдай жасалып отыр. Бүгінгі кездесуде газдандыру мәселесі көтерілді. Бұл өте дұрыс шешім. Себебі желсіз түнде қала түтіннен көз ашпайды. Көпқабатты үйде тұратындар кешке қарай терезелерін ашпай отыруға мәжбүр, өйткені терезеден таза ауа емес, түтін кіреді. Сондықтан газ тарту мәселесі жүйелі түрде жүзеге асса екен. Халыққа қолайлы қала тұрғызуда әкімдікке артылған жауапкершілік үлкен. Сол жолда күн тәртібіндегі барлық мәселелер оң шешімін табар деп үміттенемін", - дейді Ж.Мәлібекұлы.