Көгалдандыру ісінің маманы әкімнің есебі жайлы: Қаланы бұрынғыдан да көрікті етеміз
«Елорда әкімінің бүгінгі берген есебі жақсы өтті. Нұр-Сұлтан бойынша абаттандыру әрі көгалдандыру жұмыстары ұтымды атқарылды. Өткен жылы абаттандыру жүргізіліп, көшелерге ағаш, бұта егілді. Қала және аудан әкімдіктері арқылы көптеген жұмыс жүзеге асты. Елорданы тазалау, үнемі таза ұстау, газондардың шөбін шабу, ағаштарды өз формасына келтіру, оларды егу, суару, гүлдерді де суару жұмыстары жасалды. Көмекке машиналар да келді. Мекемеге, «Астана-көгалдандыру құрылысы» жұмысына техника алу процесі жүзеге асып жатыр. Биыл да абаттандыру нысандарын одан әрі жақсартуға, парктерді, скверлерді, көшелердің жұмыстарын әрі қарай жақсы атқаруға барынша тырысамыз. Биыл бөлінген қаражат жеткілікті деп ойлаймын. Қазір сквер, саябақ, нысандарды емес, ішкі кварталдарды көгалдандыру жұмысы қолға алынып отыр. Яғни, ол бойынша алдын-ала дайындықты бастап кеттік. Соларды алдағы маусымнан бастап одан әрі жалғастырамыз», - деді «жасыл құрылыс» қызметінің инженері.
-->