Елорда жаңалықтары

«Агроқалашық» тұрғыны қала әкімінен басқармалардың кері байланысты күшейтуін сұрады

Сарыарқа ауданы «Агроқалашық» тұрғын үй алабының тұрғыны Сәуле Усина аталған аумақта көктемде су басу қаупі бар екенін, «Сергек» бейнебақылау камераларының дұрыс істемейтінін, ХКО мамандары жұмысының салғырттығы туралы сынды бірқатар мәселелерді айта келе, елорда әкімінен қалалық басқармалар тарапынан кері байланысты күшейтуіне ықпал етуін сұрады. Оның айтуынша, аудан әкімдіктерінің есіктері тұрғындарға әрдайым ашық болса, басқармалар тарапынан ондай ашықтық жоқ екенін жеткізді. «Ақпан айының екінші жартысынан бастап көктемдегі су басудың алдын алу бойынша жұмыстарды бастаймыз. Бұл ретте «Агроқалашық» тұрғын үй алабы да мамандарымыздың қатаң бақылауында болады. Ал «Сергек» бойынша жеке сектор тұрғындары тарапынан жиі шағым түсіп жатады. Бұл мәселені бақылауымызға аламыз. Сол сияқты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы бойынша да құзырлы органның басшылығымен келіссөздер жүргіземіз. Иә, аудан әкімдіктерінде «Open akimat» фронт-кеңселері ашылған. Онда тұрғындар кез келген жұмыс уақытында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ала алады. Ал осы ретте басқармалар туралы айтқан ұсынысыңызды қабылдадым. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізетін боламыз. Сол сияқты бұқаралық спортты дамыту туралы да жақсы ұсыныс айттыңыз. Бұл мәселе Президенттің тапсырмаларында да бар. Жалпы, «Агроқалашық» жеке сектор болғандықтан, ол жерде бос алаңдар аз. Дегенмен осы төңіректегі ыңғайлы орынды тауып, алдағы уақытта бұқаралық спортпен айналысуға арналған арнайы алаң салу жағын қарастыратын боламыз. Барлық сұрақтарыңыз назардан тыс қалмайды», – деді қала әкімі.

-->