Елорда жаңалықтары

Әкімнің тұрғындармен кездесуі жаңа форматта өтсе де, мазмұны бұрынғыдай болды – сенатор

«Пандемияға байланысты биыл елорда әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуі жаңа форматта, яғни онлайн форматында өтті. Алайда кездесу мазмұны жағынан бұрынғы дәстүрлі форматтағы жиындарға ұқсас болды. Қала басшысы баяндамасында өткен жылы атқарылған нақты-нақты жұмыстар мен маңызды шараларды қамтып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жоба-жоспарлармен де бөлісті. Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде де тұрғындар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, нақты жауап қайтарылды. Жеке сұрақтарымен жүгінген азаматтарды тиісті мекеме мамандары қабылдайтындарын айтып жатты. Сол сияқты тікелей эфир барысында құзырлы органдардың мамандары да сауалдарға жауап беріп отырды. Жалпы, Алтай Сейдірұлы тұрғындармен күнделікті кездесіп, қалада жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Оны басылым беттерінен де көріп жүрміз. Елорда әкімі 2023 жылы қаланың толықтай газдандырылатынын айтты. Бұл, әрине, осы қаланың тұрғыны ретінде мені де ерекше қуантады. Астана көгілдір отынмен жылытылып, елордамыз әлемдегі экологиялық жағынан ең таза қалалардың бірі болса екен деген тілегіміз бар», – деді сенатор.

Сондай-ақ ол қаладағы азық-түлік бағасына қатысты пікірін де айтып өтті. «Зауыт, мектеп, колледж, университет сияқты қаладағы әртүрлі нысанға барып, тұрғындармен кездескенімде олар қамбатшылық белең алып келе жатқанын айтты. Айтуларынша, олардың жалақыларының 70 пайызына дейінгі мөлшері азық-түлікке жұмсалады екен. Жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы көлемі ұлғайып жатқанмен, тауар бағасы да бір орында тұрмайтыны белгілі. Жалпы, Нұр-Сұлтанды Қазақстандағы ең қымбат қалалардың бірі деуге болады. Бұл тұрғыда Алтай Көлгінов елордадағы кейбір тауарлар бағасының көтерілгенін жасырмады. Есесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы қатаң бақылауға алынғанын, бағаны тұрақты ұстап тұру үшін еліміздің өзге өңірлерінің шаруа қожалықтарымен форвордтық келісімшартқа отырғандарын айтты. Алдағы уақытта да осы мәселеге қатаң көңіл бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуы керек деп ойлаймын», – деді Ақылбек Күрішбаев.

--> «Пандемияға байланысты биыл елорда әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуі жаңа форматта, яғни онлайн форматында өтті. Алайда кездесу мазмұны жағынан бұрынғы дәстүрлі форматтағы жиындарға ұқсас болды. Қала басшысы баяндамасында өткен жылы атқарылған нақты-нақты жұмыстар мен маңызды шараларды қамтып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жоба-жоспарлармен де бөлісті. Кездесудің сұрақ-жауап бөлімінде де тұрғындар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, нақты жауап қайтарылды. Жеке сұрақтарымен жүгінген азаматтарды тиісті мекеме мамандары қабылдайтындарын айтып жатты. Сол сияқты тікелей эфир барысында құзырлы органдардың мамандары да сауалдарға жауап беріп отырды. Жалпы, Алтай Сейдірұлы тұрғындармен күнделікті кездесіп, қалада жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Оны басылым беттерінен де көріп жүрміз. Елорда әкімі 2023 жылы қаланың толықтай газдандырылатынын айтты. Бұл, әрине, осы қаланың тұрғыны ретінде мені де ерекше қуантады. Астана көгілдір отынмен жылытылып, елордамыз әлемдегі экологиялық жағынан ең таза қалалардың бірі болса екен деген тілегіміз бар», – деді сенатор.