Елорда жаңалықтары

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: 2020 жылы елорда әкімдігі 10 мың азаматты қабылдады

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. 2020 жылы елорда әкімдігінің қабылдауында 10 мың азамат болды. Бұрын тұрғындар әр аудан әкімдігіне немесе әр басқармаға барып, мекемелердің табалдырығын тоздыратын. Қазіргі уақытта «Жанұя» орталығына барып, «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен аса қызмет ала алады. Яғни барлық сала өкілдері бір жерге топтастырылған. Орталық ашылғаннан бері онда 45 мың азамат жүгініп, онда 65 мың сұрақ бойынша жұмыс қолға алынған», – деді елорда әкімі.

Сонымен қатар ол тұрғындар сауалының басым бөлігі тұрғын үй саласы бойынша екенін атап өтті. «Сондықтан біз Тұрғын үй орталығын аштық. Ол Республика даңғылында орналасқан. 3 ай ішінде онда 18 мың адам түрлі сұрақ бойынша жүгінген. Тұрғын үй мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалмақ. Осы бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», – деді Көлгінов.

--> «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. 2020 жылы елорда әкімдігінің қабылдауында 10 мың азамат болды. Бұрын тұрғындар әр аудан әкімдігіне немесе әр басқармаға барып, мекемелердің табалдырығын тоздыратын. Қазіргі уақытта «Жанұя» орталығына барып, «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен аса қызмет ала алады. Яғни барлық сала өкілдері бір жерге топтастырылған. Орталық ашылғаннан бері онда 45 мың азамат жүгініп, онда 65 мың сұрақ бойынша жұмыс қолға алынған», – деді елорда әкімі.