Әлеуметтік тауарлардың бағасының күрт өсуіне жол берілмеді – Көлгінов
Оның айтуынша, бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін инвесторлар тартылып, жылы жай салу жобасы басталды. «Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Павлодар сынды басқа да өңірлердің шаруа қожалықтарымен форвордтық келісімшарт жасадық. Ол да бізге едәуір көмектесуде. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін инвесторлар тартылып, жылы жай салу жобасы басталды. Сонымен қатар сауда-көтерме қоймалар саны көбейтілсе, тауарлар жақсы сақталатын болады», - деді А.Көлгінов.
--> «Карантин кезінде тұрғындар тарапынан түрлі сауалдар келіп түсті. Қала карантинге жабылып, локдаун болған кезде ол жағдай тауар айналымына едәуір кері әсер етті. Алайда бұл мәселе мемлекет тарапынан қадағаланып, әкімдіктің кәсіпкерлермен келісіп жұмыс жүргізуінің нәтижесінде бағаның күрт өсуіне жол берілген жоқ. Әрине, кейбір тауарлардың бағасы өсті. Оны жоққа шығару болмайды. Ал 16 түрлі әлеуметтік тауарларға біз кәсіпкерлермен келіссөздер жүргіздік. «Small», «Aqmol» сияқты қаладағы тиісті сақтағыш қоймалары, арнайы тоңазытқыштары бар сауда желілеріне субсидия жасадық. Жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Ол – қайтарымды ақша. Соның нәтижесінде әлеуметтік тауарлардың бағасының күрт өсуіне жол берілмеді. Бұл – бір күндік жұмыс емес. Ол биыл да жалғасады», – деді елорда әкімі.Оның айтуынша, бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін инвесторлар тартылып, жылы жай салу жобасы басталды. «Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Павлодар сынды басқа да өңірлердің шаруа қожалықтарымен форвордтық келісімшарт жасадық. Ол да бізге едәуір көмектесуде. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін инвесторлар тартылып, жылы жай салу жобасы басталды. Сонымен қатар сауда-көтерме қоймалар саны көбейтілсе, тауарлар жақсы сақталатын болады», - деді А.Көлгінов.