Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 76 гектар аумақ абаттанды

«Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында дамытып жатырмыз. Қала ыңғайлы және қолайлы болу үшін, тек былтыр ғана 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістікті (сквер, бульвар, саябақ) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқардық. 76 гектардан астам аумақты абаттандырдық. Қала тұрғындарының төрттен бір бөлігінде уақытын тиімді өткізетін және спортпен айналысатын жақын маңда жаңа орындар пайда болды. Біз пандемия кезінде қалалықтардың таза ауадағы серуенді одан әрі бағалай бастағанын көріп отырмыз. Жаңа қоғамдық кеңістіктердің артықшылығы - оларды қыста да пайдалануға болады. Түрлі аудандарда сырғанақ тебуге және қысқы спорт пен ойын түрлерімен айналысуға болады», - деді Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов.

Бұған қоса, қала әкімінің айтуынша, абаттандыру кезінде негізгі басымдық - қаланың ескі бөлігі мен тұрғын үй алаптарына берілді. Мысалы, адам көп тұратын аудандардың бірі - Байқоңырда 53 аула мен 13 ірі қоғамдық кеңістік салынды. Жастар шағын ауданында 50 көппәтерлі тұрғын үй кешені орналасқан. Бұл аудан ішкі аулалармен қамтылған, тек сол жердің өзінде 20-дан астам аула абаттандырылған. Сарайшық көпірінің астындағы (Президент және Триатлон саябақтарын байланыстырады), сосын Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанында орналасқан көпірінің астындағы кеңістіктерді өзінше бір ерекшелік деп айтуға болады. Ол жерлерде баскетбол, воркаут және скейт-алаңдар, теннис үстелдері мен т.б. орналасқан. Өндіріс (Лесозавод) тұрғын үй алабы да өзгерді. Кезінде батпақ жерлер мен сүрілген 1950 жылы салынған барақ үйлердің орнында футбол және баскетбол алаңдары бар саябақ салынды. Көктал-1 тұрғын үй алабында (Сарыарқа ауданы) аумағы 16 гектар болатын саябақ ашылды. Онда спортпен айналысуға арналған үлкен аумақтардан бөлек амфитеатр мен ротонда орнатылған. Ол жерлерде жас жұбайлар неке қию рәсімін өткізе алады. Иттерді серуендетуге арналған арнайы алаң да жабдықталған. Тельман, Үркер, Пригородный тұрғын үй алаптары мен т.б. да кеңестіктер ашылып, саябақтар өзгерді. Абаттандырылған аула аумақтары, саябақтар, скверлер мен бульварлар санының артуы көптеген тұрғынды спортпен айналысуға, балаларды жастайынан денсаулығын күтуді үйретеді. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар жалғасады.

--> «Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында дамытып жатырмыз. Қала ыңғайлы және қолайлы болу үшін, тек былтыр ғана 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістікті (сквер, бульвар, саябақ) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқардық. 76 гектардан астам аумақты абаттандырдық. Қала тұрғындарының төрттен бір бөлігінде уақытын тиімді өткізетін және спортпен айналысатын жақын маңда жаңа орындар пайда болды. Біз пандемия кезінде қалалықтардың таза ауадағы серуенді одан әрі бағалай бастағанын көріп отырмыз. Жаңа қоғамдық кеңістіктердің артықшылығы - оларды қыста да пайдалануға болады. Түрлі аудандарда сырғанақ тебуге және қысқы спорт пен ойын түрлерімен айналысуға болады», - деді Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов.